Әлия Назарбаева жаңа қызметке сайланды 06.04.2021, 9:40
Әлия Назарбаева «Жасыл ел» еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының төрағасы Әлия Назарбаева «Жасыл ел» еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы болды. Бұл туралы 5 сәуірде өткен «Жасыл ел» еңбек жасақтары кеңесінің I отырысында жарияланды», – делінген ресми хабарламада.Кеңес құрамына сенат пен мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері кірді. Олар:

- Айгүл Соловьева – кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары;
- Тоқтар Болысов – кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры;
- Азамат Данияр – кеңес хатшысы, «Жасыл ел» ЖЕЖ республикалық штабтың жетекшісі;
- Нұртөре Жүсіп – сенат депутаты;
- Елдос Абақанов – мәжіліс депутаты;
- Айжан Ысқақова – мәжілісі депутаты;
- Тілектес Адамбеков – мәжіліс депутаты;
- Мәди Ахметов – мәжіліс депутаты;
- Майя Бекбаева – журналист, тележүргізуші, продюсер, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары;
- Эмин Әскеров – қоғам қайраткері, кәсіпкер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі;
- Тимур Елеусізов – «Табиғат» экологиялық одақ төрағасының орынбасары;
- Болат Бұқарбай – блогер, «Jaqsy Bolady» YouTube арнасының авторы.