Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 008

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 041

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 853

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 355

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 563

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 555

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Тоқаев әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеруді тапсырды

  Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қазақстан армиясының штаттық құрылымын оңтайландыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, қару-жарақтарды, әскери техника мен оқ-дәрілерді инвентаризациялау және тексеру, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес, сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндалды.
Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына қазіргі уақыттағы сын-қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштердің жаңа келбетін қалыптастыру, түрлі табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою кезінде әскери қызметшілерді жұмылдыру мүмкіндігі мен қажеттігі жайында мәлімет берді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ермекбаевтың әскери бөлімшелердің дайындығы, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс мәселелері, бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, әскери техникамен жабдықтау, Қорғаныс министрлігін автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі есебін тыңдады.
Жоғарғы Бас қолбасшы еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы Күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды, әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеріп, біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.
29 мамыр 2020 ж. 462 0