№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қиын-қыстау кезеңде елдік мұратқа қызмет етпесем, азаматтығым қайда?!

Қиын-қыстау кезеңде елдік мұратқа қызмет етпесем, азаматтығым қайда?!

Күн өткен сайын коронавирус әлем елдеріне тез тарап, мемлекеттік мұрат, елдік мүдде сыналар шақта тұрмыз. Қазір қауіпті індетті құрықтау маңызды. Ол үшін қосымша күш қажет. Сындарлы сәтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Енді әскерге жарамдылардан аймақтарда әскери құрылымдар жасақталады. Ал әскери міндеттен жалтарғандар жазадан құтылмайды. Әскери жиынға кімдер қатысады, кімдер бұл міндеттен босайды? Осыған тоқталсақ.

Алдымен бұл шақыртудың мақсаты не? Осыны анықтап алайық. Бұл сұраққа Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев нақты жауап берді. Бұны жаппай жұмылдырумен шатастырмау керек деді министр. Себебі екеуінің айырмашылығы – жұмылдыру, әскери жағдай тәртібіне көшу кезінде жүргізілсе, арнаулы жиындар жылда өткізілетін жоспарлы іс шара екенін айтты министр. Қайтадан керзі етік киіп, сапқа тұратын азаматтарымыздың міндеті – дезинфекциялауға қатысып, карантин мен көктемгі су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге жұмылдырылады. Яғни Қарулы Күштердің жер-жерлердегі аумақтық әскерлері запастағы сарбаздардың есе­бінен жасақталатын болады.
Енді ҚР Қарулы Күштерінің ау­мақ­тық әскерлерін жасақтау үшін арнаулы жиындарға кімдердің, қалай шақырылатынын саралап көрейік. Министрдің сөзінше, арнаулы жиындарға әскери есепте тұрған және денсаулығы жарамды деп танылған азаматтар шақырылады. «Арнайы жиынға әскери міндетті, денсаулығы жарамды барлық азамат шақырылады.
Бірақ жергілікті әскери бөлімдер медициналық тексеруді ұйымдастырғаннан кейін әскери жиынға өз еркімен барғысы келетіндерге басымдық береді. Азаматтар арнаулы жиынға тұрғылықты жері бойынша шақырылатындықтан, күнделікті жұмыс ретінде барып, қызмет аяқталғаннан кейін үйлеріне қайтады. Егде жастағы, отбасылық жағдайы қиын немесе созылмалы ауруы бар азаматтарды шақырудың қажеті жоқ. Себебі бізде адам ресурсы жеткілікті», – деді Н.Ермекбаев.
Министр шақырылған адамдар әскери бөлімшеге белгіленген күні келмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын атап өтті. Оның айтуынша, бірінші кезекте еріктілер қызмет етеді. Әскерге шақырылушылардың мерзімі мен санын жергілікті жердегі әкімдер анықтайды. Ал жиын 10 күннен үш айға дейін созылуы мүмкін. Ал олардың міндеті қандай болмақ?
«Қарулы күштердің өңірлік әскерлері аймақтық қорғанысты сақтауға, сонымен қатар төтенше жағдай тәртібінің сақталуына жауапты. Яғни әскери міндеттілер басқа аймақтарға жіберілмейді. Өңірлік әскерлердің бөлімшелері ішкі істер органдарымен бірлесіп, блок-посттарда міндетін атқарып, патрульге шығып, нысандарды күзетіп, су тасқынына қарсы шараларға атсалысып, дезинфекция жұмыстарын жүргізе алады. Арнаулы жиындардың мерзімі мен әскери міндеттілердің керекті санын жергілікті атқарушы органдардың өздері айқындайды», – деді Қорғаныс министрі.
Айта кететіні, жиын кезінде әскери міндеттілер әскери қызметкер мәртебесіне ие болады. Оларға тамақ, киім-кешек, медициналық көмек сияқты әлеуметтік сипаттағы барлық жеңілдіктер жасалады. Бұдан өзге, әскери жиын кезеңінде олардың жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақталады. Енді олардың жалақыларына назар аударайық.
Әскери міндеттілер мемлекеттен орташа жалақы, ал бұрын жұмыс істемеген адамдар – 42 500 теңге мөлшерінде ең төменгі жалақы алады. Бірнеше аптадан, үш айға дейін созылуы мүмкін әскери жиынға қатысқандарға алып жүрген жалақылары толық мөлшерде төленеді. Ал жұмыссыз болғандарға ең төмеңгі жалақы бекітіледі. Осы сәтте Жаңақорған ауданындағы ахуалды бағдарлау үшін ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен байланысып көрген едік. Мамандардың айтуынша, күніне кем дегенде үш-төрт жас өтініш беріп кетеді екен. Бірақ облыстық департаменттен арнайы қағаз келгенде ғана еріктілер әскер қатарына алынады деген жауап алдық.
Енді кімдер арнаулы жиынға бара алмайды немесе шақырту алмайды? Жасы елуден асқандар, 3 баласы бар ерлер шақырылмайды. Бірінші кезекте, еріктілерге басымдық беріледі. Сондай-ақ жоғары мектеп пен арнаулы оқу орнының студенттері, денсаулығында кінәраты бар азаматтар шақырылмайды.
Министрдің айтуынша, қолданыстағы Заңға сәйкес арнаулы жиынға қорғаныс, құқық қорғау, қауіпсіздікке қатысты мемлекеттік органда жұмыс істейтіндер босатылады. Бұған авиациялық персонал, көктемгі егіс жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететіндер, педагогикалық кадрлар, тергеудегі немесе процессуалдық іске тартылған азаматтар жиынға бара алмайды. Жергілікті мәслихат депутаттары да жиынға қатыспайды.
Бұл қаулыға байланысты ел арасында пікірлер де сан алуан. Қоғамда «бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз, батырсынған жігітті карантинде көрерміз» деген әңгіме желдей есіп тұр. Енді елім дейтін азаматтардың сыналар шағы келді.
– Әскери жиынға өз еркіммен қатысамын. Қиын-қыстау кезеңде елдік мұратқа қызмет етпесем, азаматтығым қайда?! Бұған менің замандастарымда бей-жай қарамайды деген ойдамын, – деді кент тұрғыны Медет Жансанов.
Президент қол қойды, жаңақорғандық жастар жұмылып, қызметке дайын болса керек-ті. Оны уақыт көрсетеді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
11 сәуір 2020 ж. 763 0