Енді 55 жастан асқан азаматтардың жұмысқа шығуы шектеледі
Төтенше жағдай кезінде 55 жастан асқан азаматтардың жұмысқа баруын шектеу ұсынылды деп жазады «Жаңақорған тынысы» BAQ.KZ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақордада төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясымен статистика бойынша негізінен егде адамдар ауырғанын ескере отырып, зейнет жасына жақындағандарға қашықтықтан жұмыс істеуді ұсынды.
Тәжірибе "тәуекел тобы" деп аталатын тұлғалардың медицина жүйесіне үлкен жүктеме салатындығын және олардың арасында өлім-жітімнің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Бұл 55 жастан асқан, жалпы денсаулығына байланысты және созылмалы аурулары бар адамдар. Сондықтан олардың жұмысқа баруын мүмкіндігінше шектеп, үйден оқшаулау режимін қамтамасыз етуі керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.