№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Жас отанға» жаңа жетекші

«Жас отанға» жаңа жетекші

Апта ағымында Қызылорда облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Талғат Тілес Жаңақорған ауданының жастарымен кездесті.
Аграрлы-техникалық колледжде өткен басқосуға аудан жастары, студенттер, ауыл жастары, мектеп оқушылары, «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері, жастар мамандары қатысты. Кездесуде «Jastar Otanga» 2025 жылға дейінгі бағдарламаға ұсыныстар тыңдалды. Өз кезегінде Талғат Тілес Сыр өңіріндегі жасотандықтардың жұмысына көңілі толатынын мәлімдеді.
– «Жас Отан» – жалынды жастар ордасы. Ол жастардың мүддесін қорғап, әлеуметтік мәселелерді басты назарда ұстайды.  Бізде жылдан-жылға күрделі өзгерістер орын алуда. Бүгінде құрылым қалыптасқан басқару жүйесінен бас тартып, жастар ұйымына сай еркін негізге көшірілді. Шығармашылықты шыңдап, ой тынықтырып, жаңа жобалардың жай-күйін талқылайтын алаңға айналдық. Бұдан былай «Жас Отан» мүшесі атанғысы келген әрбір жас еліміздің кез келген жерінде отырып, онлайн тіркелуге мүмкіндік алды. Өңірлік жерлердегі жұмыс көңіл қуантарлық, – деді Талғат Тілес.
Кездесу еркін форматта өткендіктен басқосу барысында студенттер емен-жарқын сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
Жиын соңында белсенді жас Рамазан Тұрғанбайұлы «Jas Otan» Жастар қанаты Жаңақорған аудандық бөлімшесінің басшысы қызметіне сайланды.

23 ақпан 2020 ж. 678 0