» » Жоба аясындағы жүздесу

Жоба аясындағы жүздесу


«Nur Оtan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты әр аймақтағы бастауыш бөлімшелерімен кездесу өткізді. Ондағы мақсат – биылғы жылғы жоспарларымен бөлісіп, партия бағдарламасы аясындағы жобаларды талқылау.


Кездесуге «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының консультанты Мақпал Ермаханова модераторлық жасап, Жолдау жүгін түсіндірді. Биылғы жылды Мемлекет басшысы «Еріктілер жылы» деп жариялағаны мәлім. Соның аясында партия жастарының атқаратын қызметі, негізгі жұмысы сөз болды. Жастар қанатының аудандық бөлімше басшысы Рамазан Ахмет:
– Бас партия құзырында «Ардагерді ардақтайық», «Jastar -Otanga!», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», және т.б жобалар бар екенін білесіздер. Былтыр жобалар аясында жақсы жұмыс атқарылды, биыл да осы бағыттан таймай, жүйелі жұмыс атқаруға тиіспіз, – деді.
Иә, жастар – елдің ертеңі, болашақтың кілті солардың қолында. Сондықтан биыл да жастарға басымдық берілуде. Жолдау аясында көптеген шаралар ұйымдастыру жоспарымызда бар. Сондықтан аудан жастары белсенді болуы тиіс.
Жиын барысында бөлімше жетекшілері аудандық жылдық жоспарды талқылап, «Jastar -Otanga!» 2025 бағдарламасына ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
05 ақпан 2020 ж. 562 0