№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 6 тонна алтын қайда кетті?

6 тонна алтын қайда кетті?

Осыншама түсіңізде көретін байлыққа өз жанын сатып ала алмай, ең ақыры дінінен бас тартып, шошқа бағушының қолынан қылғынып өлген императорды білесіз бе? Ол үшін сәл тарихқа шегініс жасайық.
Бір материкте бір өзі қожалық еткен ел қайдағы бір шошқа бағушының табанында тапталады деп кім ойлады? Бір патшасының байлығы КСРО-ның алтын қорынан асып түсетін 6 тонна алтын, 12 тонна күміс сақталған ертегілерде айтылатын байлық әріп танымайтын испандық шошқа бағушының қолына түсетінін кім білген? Оның өлімімен атақты империя да о дүниеге аттанды.
6 тонна алтын, 12 тонна күміс!!!Бұл — аңызға айналған Инктер империясы.
Император Атауальпа тұтқынға түсті. Инктер өз билеушісін тұтқыннан босатуы үшін тонналаған алтын төледі. Бірақ мұның бәрі құр бекершілік болатын. Испандар инктер императорын тірілей отқа өртемек болды. Егер Атауальпа өз дінінен бас тартып, католик дінін мойындаса отқа өртемеуге уәде етеді. Бейшара күйге түскен император өмірінің соңғы сәтінде өз дінінен де бас тартты. Осылайша ол қылғындырып өлтірілді.
Байлыққа белшеден батқан Инктер империясы бар болғаны 180 адамдық Писарроның алдында тізе бүкті. Ал Писсароның осыған дейін кім болғанын білесіз бе?
Оның хат танитын сауаты болмады. Ол кедей отбасында дүниеге келді. Оның білім алуына да ешкім көңіл бөлмеді. Жас кезінде шошқа бағып, қорада еңбек етті. Тіпті әкесі оны өз ұлым деп мойындаған емес. Осындай заңсыз, шошқа бағатын ұл болашақта бүкіл Еуропаны алтынға көмеді деп кім ойлаған? Бұл — шынайы тарих.



29 желтоқсан 2019 ж. 1 527 0