№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алтын қорлары ең көп елдер: Қазақстан қай орында?

Алтын қорлары ең көп елдер: Қазақстан қай орында?

Төменде біз 2018 жылғы статистика бойынша алтын қоры бойынша ондыққа енген елдер туралы айтып өтеміз. 
1. АҚШ, 8133,5 тонна 
АҚШ-тағы алтын қорына өзінен кейінгі үш мемлекеттің алтынын қосса ғана жетеді. Бұл қымбат металл Кентуккидегі Форт-Нокс, Филадельфия қоймасы, Денвер және Сан-Франциско депозиттерінде сақталады. АҚШ алтын қорын өз жерінен (негізінен Аляскадан) қазып алу арқылы ғана емес шет елдерден сатып алу арқылы да көбейткен...
2. Германия, 3,369,8 тонна 
Германия өз алтындарының салмақты бөлігін Франция мен АҚШ-та сақтап келді. Бірақ 2013 жылдан бастап оларды қайтарып ала бастады. Осы уақытқа дейін 675 тоннасын елге алып кеп үлгерді. Алтын бағасы түссе немесе көтерілсе де бұл ел алтын қорын көбейтіп жатқан мемлекеттер қатарында.
3. Италия, 2,451,8 тонна
Еуропа орталық банкі басшысы, италяндық экономист – Марио Драги алтын ең сенімді қор екендігін айтудан шаршамаған. Италяндықтар да өз экономисінің сөзіне құлақ асып, жалпы байлығын алтынмен сақтайды. Осылай олар алтын қоры бойынша әлемдегі ондыққа кіретін мемлекеттердің біріне айналып отыр.
4. Франция, 2,436,0 тонна 
Франция ұлттық банкі соңғы уақытта алтындарын сатып жатыр. Бірақ сонда да француздардың алтыны таусылар емес. Ежелден колониялар ұстаған бақуатты ел алтын қорын барынша көбейтіп алған.
5. Ресей, 1998,5 тонна 
Соңғы жеті жылда Ресейдің Орталық Банкі ірі сатып алушылардың бірі болды. Оған себеп те бар. Жиі санкциялар нәтижесінде Ресей алтын қорын көбейтуге және осы жол арқылы өз экономикасы мен валюта құнын түсірмеуге тырысып жатыр.
6. ҚХР, 1,842,6 тонна 
Кешеге дейін Қытай алтын қорын құпия ұстап келді. Бірақ соңғы жылдары олар мұны сыр тұтпайтын ашық саясат ұстанып жатыр. Бұл елде бір қарағанда алтын қоры аздай көрінуі мүмкін және бұл табиғи жағдай. Себебі ҚХР өзінің жалпы байлығының 2,5 пайызын ғана алтын күйінде, қалғанын қымбат қағаздар мен түрлі валюталарда сақтайды.
7. Швейцария, 1,040 тонна 
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде бейтарап саясат ұстанған Швецария сол кезде алтын саудасының орталығына айналған еді. Қазір алтын базары Азияға, негізінен Гонконг пен ҚХР-ға ауысып кетті.
8. Жапония, 765,2 тонна 
Экономикалық жағынан үштікке кіретін бұл ел алтын қоры жағынан да жетекші мемлекеттердің бірі болып саналады. Жапондардың басқа халықтардан артықшылығы егер қажеттілік туындағанда мемлекетіне өз меншігіндегі алтындарды өткізуге дайын.
9. Нидерландия, 612,5 тонна
Голландия орталық банкі алтындарын Амстердам қаласынан Нью-Амстердамдағы жаңа орталыққа көшіру арқылы қауіпсіздікті күшейтуді көздеп отыр. Нидерландия кішкентай мемлекет болса да, алтын қорының молдығымен көп елден алда.
10. Үндістан, 573,1 тонна 
Бұл ел алтынды өте жақсы көреді, жергілікті тұрғындары да алтыннан жасалған әшекейлерді жиі сатып алады. Әсіресе күз-қыс маусымдарында Үндістандағы алтын базары қыза түседі.
....
15. Қазақстан, 326,4 тонна
Қазақстан ұлттық банкі 2018 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстанның алтын қоры 333 тоннаға (12,8 миллиард доллар) артып, алтын қорлары бойынша әлемде 15-орынды иемденіп, Сауд Арабияны басып озғанын мәлімдеді. Бірақ Қазақстандағы алтын қоры жалпы байлықтың 41,1 пайызын құраса, Сауд Арабиясында бұл көрсеткіш 2,4 пайызды ғана құрайды.
05 ақпан 2019 ж. 1 571 0