№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қан қысымы көтерілгенде қандай көмек көрсету керек?

Қан қысымы көтерілгенде қандай көмек көрсету керек?



Гипертония – бұл артериялық қысымның тұрақты түрде жоғарылап  тұруы. 130/90 бірліктен асқан көрсеткіш, жоғары болып саналады. Біз спортпен айналысқанда, климатты өзгерткенде немесе қатты күйзеліске ұшырағанда, қан қысымы көтеріледі. Бұл қалыпты жағдай, ол аз уақыттан кейін орнына келеді. Бірақ нормаға келмеген жағдайда, сіздің денсаулығыңызға қауіп төнеді. Өйткені, ми мен жүрекке жүктеме жасалып, инсульттің болу мүмкіндігі артады.

Пайда болу себебі
Дәрігерлер артериалық қысымның көтерілуіне: тұрақты стресс, депрессия, ұйқысыздық, жүріс-тұрысы аз өмір сүру салты, темекі шегу, артық салмақ немесе семіздік, қант диабеті, холестерин деңгейінің жоғары болуы, бүйрек аурулары, организмде магнийдің жетіспеуі, тұқым қуалаушылық және қалқанша безінің қызметінің бұзылуын жатқызады. Аурудың белгілері Бастың жиі ауруы немесе айналуы. Құлақтың шулауы, жүрек айнушылық, көздің астындағы қаптар. Көру қабілетінің нашарлауы. Қан қысымы көтерілген жағдайда, көздегі тамырлар ісініп кетіп, көз көруі әлсірейді. Егер дәретханаға сирек баратын болсаңыз, бұл гипертонияның белгісі, өйткені ол бүйрек ауруларымен қатар жүреді. Гипертония ешқандай белгі бермеуі де мүмкін, сондықтан, қан қысымын уақтылы өлшеп тұру керек.

Не істеу керек? Қан қысымы көтеріліп кетсе, орындыққа отырып, аяқтарды түсіру керек, сол кезде жүрекке баратын қан ағымы азайып, жүктеме төмендейді. Ең тиімді әдістердің бірі – көзді жұмып, 3-5 минут бойы терең тыныс алу. Сондай-ақ, құлақ жарғағын уқалау, маңдайға суық затты басу және аяқтарды ыстық ваннаға салу көмектеседі. Науқасты жайландыру үшін, Корвалол немес Валикордин тамшыларын қолдануға болады. Алдын алу жолдары Артық салмақтан арылу қажет. Әрбір жоғалтқан 1 килограмм, қысымды 1 бірлікке азайтады. Физикалық жаттығуларға күніне 30 минут уақыт бөліңіз. Велосипед айдау, билеу, серуендеу және жүзумен айналысуға кеңес беріледі. Дұрыс тамақтану керек. Тұздың мөлшерін азайтыңыз. Жеміс-жидек және көкөністерді жеуге ұсынылады. Арақты және темекіні тастаңыз.

10 шілде 2019 ж. 2 636 0