Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 52

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » БЕКЕЖАН- ол, тек фильмде жағымсыз кейіпкер.

БЕКЕЖАН- ол, тек фильмде жағымсыз кейіпкер.

  Қыз ЖІБЕК" жырындағы қылыштың перісі сұрмерген батыр әрі жағымсыз кейіпкер Бекежан батыр кім еді?!
  Бекежан Айбекұлы 1667 жылы Ақтөбе өңіріндегі Мұғалжар тауының етегінде дүниеге келген. Әкесі Айбек батыр сол маңдағы Шекті, Табын, Жағалбайлы, Тама руларынан құрылған жасақтардың қолбасшысы боп, аты шыққан ерлердің бірі. Алғашқы әйелі - башқұрт мырзасы Құрамыстың қызы Салиха. Одан туған Қайрақ Бекежанұлы, Байрақ Бекежанұлы, Тайлақ Бекежанұлы деген үш ұлы да танымал батырлар. Тайлақ Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасағын бастаған, Байрақ пен Қайрақ мыңбасы болған. Бекежан мен оның ұлдарының қабірлері Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Шідерті өзені бойындағы Тайлақ қорымында.
  Бекежан 40 жасының шамасында бір шайқас үстінде белінен қатты жараланып, мүгедек боп қалады. Бұдан кейін қолма-қол ұрысқа жарамаған. 1730 жылы балалары Аңырақай соғысына аттанған кезде түрікмендер Шекті жеріне шабуыл жасап, сол ұрыста батырға улы жебе тиіп, қаза тапты деседі. Енді біреулер 63 жасында ақ төсегінде жатып, бір кездегі жарақатының салдарынан қайтыс болды дейді.

Серік Ахметов

13 сәуір 2019 ж. 2 291 0