№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰСТАЗ: МЕН ОЛАРДЫ ЖҮРЕГІММЕН ЖАҚСЫ КӨРДІМ

ҰСТАЗ: МЕН ОЛАРДЫ ЖҮРЕГІММЕН ЖАҚСЫ КӨРДІМ

Бір профессор, социология факультетінің студенттерін Балтимор қаласының кішкентай бір ауылына жібереді. Сондағы тапсырма – ол ауылда тұратын 200 ер баланың мінез-құлқын зерттеп, әрбір баланың келешегі жайлы өз тұжырымын жазу болатын. Тапсырманы орындап келген студенттердің берген бағасы бір болды – балалардың ешбірі “адам” болатын емес.
25 жылдан кейін социология пәнің басқа бір профессоры осы зерттеу жұмысын тауып, өз студенттеріне жобаны жалғастырып, жобадағы балалар тұратын ауылға барып, балалардың қандай адам болып өскенін қарап келуін тапсырады. Студенттер ол ауылдан көшіп кеткен не болмаса қайтыс болған 20 шақты баладан басқасының бәрін тауып алады. Қалған 176 баланың бәрі де керемет жетістіктерге жетіп, адвокат, дәрігер, бизнесмен болғанын көреді.
Профессор қатты таңқалып, 25 жыл бұрын зерттеу нәтижелерінің неліктен қате болғанын білгісі келеді. Ержеткен балалардың бәрі әлі сол өз ауылдарында тұрғандықтан, ол жерге барып әрқайсысымен жеке-жеке сөйлескісі келеді. “Кішкентай кездеріндегі қиын жағдайларға қарамастан, жақсы азамат болып өстіңдер. Жетістіктеріңді қалай түсіндірер едіңдер?” сұрағына бәрінен де бірдей жауап алады: “Ауылымыздың мектебінде бір мұғаліміміз бар еді. Бәрі де соның арқасы.”
Профессор мұғалімді тауып алып, онымен де сөйлескісі келіп, үйіне дейін барады. Бетін әжім басқан құрметті ұстаздан жасөспірімдерді көшенің теріс әсерінен қалай құтқарып, олардың жақсы азамат болулары үшін қандай тәрбие бергендігін сұрайды.
Көздерінен мейірім төгілген ұлағатты ұстаз, күлімдеп қана: “Оп-оңай”,- дейді – “Мен ол балалардың бәрін жүрегіммен, шынайы жақсы көрдім“.
10 наурыз 2019 ж. 1 085 0