№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ащы шапалақ



    Жігіттің жөнсіз жүрісінен секем алып, "Қам, бәлем, бір қолға түсерсің" деп азуын басып, тісін қайрап жүрген келіншегі бір күні қулыққа басты. Сөйтіп бір құрдасы арқылы оған өз күйеуіне телефон шалдырды.
Мен Гүліңмін ғой, - деген дауысты құлағы шалған жігіт, - қашан келдің, қай жерде тұрсың, - деп лепілдеп үн қатты.

    Қас құрбы өз қылықтарына мәз-мейрам күйде уәделі жерге де жетіп, көзден тасалау орынға барып, сырттан бақылап тұрды. Міне қызық! Екі етегі желбіреп, танауы желпілдеп жігіт те жетті. Осы бір сәтте сыңғырлау күліп, сырғасын сылдырлатып, өз жұбайы мен құрбы келіншек оның ту сыртынан шыға келді. Сасқалақтап қалған жігіт "Сендер қайдан келдіңдер?" деп аяқ астынан берекесі кетіп, сөлекет сауал тастады. Осы кезде "Біз сіздің өзіңіз тағат таппай тосып тұрған Гүліңіз боламыз" деп қосарласа зілсіз жауап қатты. Не дерін білмей, ыржалақтап күліп тұрған оның бетін осы сәтте келіншегінің ащы-қалақай шапалағы қалақай шаққандай ду еткізді.
Айналайын еркектер-ай, қыз көрсе есі кеткен, аңғалда аңқаусыңдар-ау!
Қайбулла РҮСТЕМОВ,
ҚР Журналистер мүшесі.
Жаңақорған кенті.
20 желтоқсан 2018 ж. 1 662 0