№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » КӘСІПКЕР АУЫЛЫНА МЕДПУНКТ САЛЫП БЕРДІ

КӘСІПКЕР АУЫЛЫНА МЕДПУНКТ САЛЫП БЕРДІ


Шығыс Қазақстанның Көкпекті ауданында кәсіпкер ауыл тұрғындарына медициналық пункт салып беріп қуантты, деп хабарлайды Қазақпарат.Кәсіпкер Қайрат Дүйсембаев туып-өскен ауылы Ақойға медициналық пункт салды. Ол «Рустам» шаруа қожалығының жетекшісі. Одан бөлек тұрғындардың өтінішін жерге тастамай, пункте қызмет ететін жас маманды баспанамен қамтамасыз етті.
«Қазір Ақойда 80-нен астам адам қалды. Тоқсаныншы жылдарға дейін медициналық мекеме болған. Кейін тоқырау жылдарында жұмысын тоқтатты да, ғимараты сатылып кетті. Жаңа ғимарат 4 бөлмелі. Оның құрылысына 10 млн теңге жұмсалды. Ал дәрігерге бос тұрған үйді сатып бердім», – дейді кәсіпкердің өзі.
Аудандағы Тассай ауылында Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 1998 жылғы түлектері «Туған жер» бағдарламасы арқылы саябақ салып берген.

24 шілде 2018 ж. 1 212 0