Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҚАУІПСІЗ ЖАҢА ЖЫЛ, ПИРОТЕХНИКА ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

ҚАУІПСІЗ ЖАҢА ЖЫЛ, ПИРОТЕХНИКА ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, 2024 жылдың 10 желтоқсанында мектеп оқушылар­ына “Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік” және «Қауіпсіз Жаңа жыл!», «Өрт қауіпсіздігі», «Мұздағы қауіпсіздік» тақырыптарында түсіндірме жұмысын жүргізді. Үгіт-насихат жұмысы барысында пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалану қауіпсіздігін қатаң сақтау ескертілді.
1. Тұтандырылған пиротехникалық бұйымдарды қолда ұстауға болмайды.
2. Тұтанған және жанып болған, сонымен қатар тұтанбай қалған жағдайда пиротехникалық бұйымдарды қарау үшін еңкеюге болмайды.
3. Пиротехникалық бұйымдарды бөлме ішінде пайдалануға болмайды.
4. Пиротехникалық бұйымдарды ағаштардың, электр желілерінің қасында пайдалануға болмайды.
5. Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде адамдар тұрған орынға және олар келіп қалуы ықтимал аймаққа қарай бағыттауға болмайды.
6. Бұндай бұйымдарды заңсыз орындардан сатып алуға, олардың қаптамалары зақымдалған және сақтау мерзімі өтіп кеткен болса, онда оны қолдануға қатаң тыйым салынады!

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
13 желтоқсан 2024 ж. 2 980 0