Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Күшігі боласың»: Қызылорда облысында үлкен жігіт жасөспірімді 30 баланың көзінше ұрып өлтірген

«Күшігі боласың»: Қызылорда облысында үлкен жігіт жасөспірімді 30 баланың көзінше ұрып өлтірген

Облыстық полиция департаменті жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растады.
Қызылорда облысының Кеңес ауылында ер адам 15 жастағы жасөспірімді ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Қазір ол тергеліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Президентке хат» Telegram-арнасында жасөспірімнің ауылдастарымен болған сұхбат жарияланды.
Ұлымды бір жігіт ұрған. 5 рет ұрған деп естідік. Одан кейін марқұм болған  баланы ұрған. Басқа ештеңе білмейміз, – дейді жәбірленуші балалардың бірінің анасы. Тұрғындардың айтуынша, жасөспірімдерді үлкендер аптасына екі рет жинап, оларға «салық салатын» болған.
Ол кезде «система» бар еді, қазір жоқ. Балаларды жинап, «үлкенге сыйластық» деген сияқты нәрселерді айтады. Үлкендер шақырғанда қасына жүгіріп бару, отырғанда отырып, ол тұрғанда бірге тұру керек. Күшігі боласың ғой, – дейді жасөспірім.Сол күні оқиға орнында болған жасөспірім қатарласының қалай көз жұмғанын баяндап берді.
Ол шыға алмайтын. Әпкесі мен әжесі бар еді. Сол күні папасы мен біреу келіп, шықпай қалды. Сол кезде  «Неге шықпадың?» деп сұрады. Біз сол күні түнгі 22:30-да қайтып кеттік. Ол басқа баланы ұрып жатты, ал жанында  қарап тұрған балаға  «Сен кино көріп тұрсың ба?» деп оны бір ұрды. Содан кетіп қалды, – дейді жасөспірім.Облыстық полиция департаменті жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растады. Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылдың 22 маусымында Жаңақорған аудандық полиция бөлімі қылмыстық істі тіркеген. Қазір жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес, қылмыстық іс жүргізу барысы жария етілмейтінін хабарлаймыз, - деді Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі.
25 қыркүйек 2024 ж. 304 0