Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Кәріз құдығынан 2 жасар баланы құтқарған жігіт марапатталды

Кәріз құдығынан 2 жасар баланы құтқарған жігіт марапатталды


Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен 2 жасар баланы аман алып қалған 15 жастағы Арман Аманжоловты тәртіп сақшылары марапаттады, деп хабарлайды
 Egemen.kz Қызылорда қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірімді қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Әбдібек Жаназаров қабылдап, көрсеткен батылдығы үшін алғыс білдірді. Құрмет грамотасы мен қол сағаты салтанатты түрде табыс етілді.

Еске сала кетейік, 19 тамызда Қызылордада төрт метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалған еді.

Арман Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы - электрик. Ол көпбалалы отбасынан шыққан жігіт. Алдында екі әпкесі, екі ағасы бар Арман үйдің кенжесі екен.
 
24 тамыз 2022 ж. 375 0