Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қой қырқып бір аптада 210 мың теңге тапты

Қой қырқып бір аптада 210 мың теңге тапты

Өткенде бір досым қой қырқатын адам іздеген. Мен көмектесіп Құттықожа аулынан бір жігітті екі баласымен тауып бердім. Бір баласы 19-да, екіншісі 17-де. Үшеуі 300 қойды 2,5 тәулікте қолмен қырқып 90 мың теңге ақша тапты. Ол жақтан келді да тағы бір кісінің 700 қойын қырқуға кетіп , кеше келді. 1 аптада 210 мың теңге тапты.


Бүгін бір досым 500 қойын қырықтыруға алып кетіп бара жатыр тауға. Сөйлесіп көрсем ,қара күзге дейін бір күн де бос емес. Қырқым біткен соң құрылысқа кетем , 2 времянка тапсырыс алғанмын дейді. 1 времянканы 2 баламмен 1 айда бітіріп береміз, ақысына 1 млн. тг. аламын дейді. Нағыз азамат екенсің деп риза болдым. Осындай кісілерді насихаттау керек екен. Әсіресе, "жұмыс жоқ " дегеннен басқаны айтпайтындарға көрсету керек. "Тамағы тоқтық,жұмысы жоқтық- аздырар адам баласын ",-деп Абай айтқан заман болып тұр. Түнімен топтасып сандалып жүрген жастар күнімен қой қырқып, шөп орса, төбелеске уақыт таппас еді.
17 маусым 2021 ж. 945 0