№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады. Қашан?

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады. Қашан?

Қаңтардың 25-і күні, Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, көктайғақ болып, тұман түсіп, аяз күшіне мінеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

25 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
25 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Актобе қаласында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.
25-28 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 27-28 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ға жетеді. Тараз қаласында 25-28 қаңтарда кей уақытта тұман болады.
25 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с болады.
25 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Түнде 25 қантарда кей жерлерінде 35 градус қатты аяз болады.
25 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман болады.
25 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады.
25 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді жетеді.
Түнде 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында 28-33, кей жерлерде 40 градус аяз күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман болады.
25 қаңтар 2021 ж. 610 0