Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » 27 қаңтарда ауа райына байланысты дауылды ескерту

27 қаңтарда ауа райына байланысты дауылды ескерту

"Қазгидромет" РМК синоптиктері  ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жасады.

27 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетпек.
Ертең Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын болады. Кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с.
27 қантарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
27 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын сақталады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с сақталады.
Ертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде кей жерлерде көктайғақ. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетпек.
26 қаңтар 2020 ж. 1 270 0