№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қырылған қойларды көріп жаға ұстадық

Қырылған қойларды көріп жаға ұстадық

    21 ақпан күні оқиғаны көзбен көру үшін жолға шықтық. Ауданнан жасақталған топпен «камазға» мініп, түс ауа тауға тарттық. Бұл жолы аудандық полиция бөлімінің сақшылары да қатарға қосылды.

  Аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ-ның аға капитаны Марат Исмаилов, аға лейтенант Құдайберген Баубековпен бірге аудандық ауылшаруашылық бөлімінің статист маманы Дәулет Оразбеков көлік ішінде. Жол бастаушы аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Дархан Айдаров. Сондай-ақ, көлік ішінде «Шайық» шаруа қожалығының иесі Машар Шайықов та бар.

   Сонымен, екі сағаттан астам уақыт жол жүрдік. Құттықожа ауылынан төрт-бес шақырым асқаннан кейін қар ұшқындары байқалды. Ал, тауға қар қалың түсіпті. Көлік дөңгелігін бойлайтын қардан әзер жүріп келеміз. Қос көлікпен ілесіп шыққан «Газ-66» жем-шөп тиеп алыпты. Осылай жан бақпаса барлық қойынан айрылатынын білген «Садуова» қожалығы бір күн бұрын да азық алып барған-тұғын.
  Қырылған қойларды көріп жаға ұстағанымыз рас.Тіпті, кейбір қойдың бойынан әл кеткен. Аяқ аттам жердегі шөпке бару үшін орнынан қозғалуға шамасы жетпейтіндей.
27 ақпан 2019 ж. 946 0