Қасиетті ұршық

Дәл осы түсті көрген күнге дейін, Қызай ана абдыра түбіндегі қабатты астар бетке жасырылған сол ұршықты көрмеген екен. Орнынан тұра салып, абдыраны ашса, расында әлгі айтылған ұршық бар екен. Сол күннен бастап Қызай ана сол ұршықты қолынан тастамайтын болыпты. Тұрмыста жіп иіріп, шекпен тоқитын. Бірер жаман іске кез болғанда, ол ұршықты киелі қару ретінде істететін болыпты. Бақталастардың, жауларының , еліне көзін сұғып қараған барымташы, ұры- қарылардың түсіне кіріп, түсінде Қызай ана ұршығының ұшымен көзін шұқыса болды, іс жүзінде олардың жолы болмай, өздері пәлеге ұшырап жүреді екен.
Данышпан Қызай ана,,кітабынан.