№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тарихта қалған ірі су тасқындары

Тарихта қалған ірі су тасқындары


Апат айтып келмейді. Табиғатқа қарсы күш жоқ. Оны болжап білу де мүмкін емес. Елімізде жыл сайын су тасқыны болады.
Бұған дейін Қызылорда, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстары судың астында қалса, биыл Түркістан облысы мен Шымкент қаласын су басуда.

Адамзат тарихында жер бетін су басқан сәт аз емес. Олардың кейбірінде миллиондаған адам қайтыс болды.
1. Санкт-Петербург су тасқыны. 1824 жылы 19 қарашада Санкт-Петербургті су алып, 600-ге жуық адам көз жұмды. Нева өзені мен оған жалғас каналдағы су деңгейі 4 метрге дейін көтеріліп кетті.

Федор Алексеевтің картинасы. Петербург тасқыны, 1824 жыл
Тасқын алдында жаңбыр толассыз жауған. Ал кешке таяу өзен мен арнадағы су тез көтеріліп, бүкіл қала суда қалды.
2. Қытайдағы су тасқыны. 1931 жылы Янзцы мен Хуанхэ өзендері көтеріліп, бірнеше қаланы су алып кетті. 4 миллионға жуық адам қайтыс болған. 1928-30 жылдары Қытайда қатты қуаңшылық болды, бірақ 1930 жылдың қысында қар қалың түсіп, көктемде жауын-шашын көбейіп кетті. Содан қос өзендегі су тізеге дейін көтеріліп, Қытайдың бұрынғы астанасы Нанкин қаласына дейін жетті.
Халықтың көбі судан емес, содан кейін болған ауру мен аштықтан қайтыс болды. Тырысқақ пен сүзек қаптады. Каннибализм мен бала өлтіру әдетке айналды.
Қытайда Янцзы өзені көтеріліп, 1911 жылы (100 мың адам көз жұмды), 1935 жылы (142 мың адам қайтыс болды), 1954 жылы (30 мың адам қайтыс болды), 1998 жылы (3,5 мың адам) су тасқыны болған.
3. 1887 және 1938 жылдары Қытайдың тағы бірі ірі өзені Хуанхэ көтеріліп, 900 мың және 500 мың адам қайтыс болды. 1887 жылы аптаға созылған жауын-шашынның кесірінен Хуанхэ бойындағы бөген жарылып, Қытайдың солтүстігін түгіл су жайлады. 2 млн адам баспанасыз қалып, 900 мың адам өмірден озды.
Ал 1938 жылы болған су апатын қытай билігі қолдан жасады. Қытайға басып кірген жапон әскерін тоқтату үшін Чжэнчжоу қаласына жақын салынған бөгенді бұзуға мәжбүр болды. Бұл бір жағынан жапон әскерлерін баяулатқанымен, екінші жағынан тарихта «қолдан жасалған ең үлкен экологиялық апат, экологиялық қару» деген атпен қалды. Мыңдаған шаршы шақырым жайылым мен егістік батпаққа айналып, мыңдаған адам босып кетті. Апаттан 500 мыңға жуық адам қайтыс болды, кейбір деректерге қарағанда 800 мыңға жуық адам мерт болған.
4. Әулие Феликс тасқыны. 1530 жылы 5 қараша – Әулие Феликс күні Францияның Валуа ауданында су көтеріліп, бірнеше провинция тасқын астында қалды. Зерттеушілердің есептеуінше, 100 мыңға жуық адам көз жұмған. Бұл күн тарихта «Қаралы сенбі» атымен қалды.
5. Бурхарди су тасқыны. 1634 жылы 11 қазан күні түнде дауыл болып, жағаға соққан толқын тасқынға айналды.
Солтүстік теңіздің бойында тұрған бөгеттер жарылып, Дания мен Германияның бірнеше ауданы су астында қалды. Мұнда 15 мыңға жуық адам қайтыс болған.
6. Әулие Мария күнгі тасқын. 1342 жылы Әулие Мария күні Орталық Еуропада ең үлкен су тасқыны болды. 22 шілде күні Рейн, Майн, Дунай, Везер, Верра, Унструт, Эльба, Влтава өзендері тасып, бүкіл аумақ суға «батып кетті». Кёльн, Майнц, Майндағы Франкфурт, Вюрцбург, Регенсбург, Пассау және Вена сынды қалаларда ауыр зардап шекті.
Апаттан қанша адамның көз жұмғаны белгісіз, бірақ Дунай өзенінің өзіне 6 мыңға жуық адам батып кеткен. Егістіктің бәрі суда қалғандықтан, апаттың аяғы ашаршылық пен ауруға айналып кетті. Осы жылдары Еуропаны оба жайлап, Орталық Еуропадағы халықтың 3/1 бөлігі қырылып қалды.

massaget.kz
29 тамыз 2020 ж. 545 0