№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су тасқыны 164 адамның өмірін қиды

Су тасқыны 164 адамның өмірін қиды

Кенияда нөсер жаңбыр үлкен су тасқынына алып келді. Салдарынан елдің барлық аймағында үйлер мен инфрақұрылым нысандары көптеп қирады. Көптеген отбасы су тасқынынан зардап шекті. Олар өз үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшкен.
«Дүйсенбі күні ұзаққа созылған жаңбырдан болған су тасқыны 164 адамның өмірін қиды. Будаланг округіне келген шығынды бағалау үшін шенеуніктер келді. Будаланг – Кениядағы ең көп су басқан аудандардың бірі. Мұнда Нзоия өзені арнасынан асып, жүздеген үйді су алды, жергілікті тұрғындар баспанасыз қалды. Будаланг округінде үйін су шайған көптеген отбасы жақын маңдағы мектептердің ғимараттарына қоныстануға мәжбүр болды», - делінген ақпаратта. Мәлім етілгендей, сәуір айында ел үкіметі тасқыннан зардап шеккен аудандардың тұрғындарына алдағы уақытта жаңбыр мен су тасқыны болуы мүмкін екені туралы ескерту жасап, адамдарға қауіпсіз жерге уақытша көшуді ұсынған. Нөсер жауын әлі күнге дейін елдің көптеген аудандарында жалғасуда. Оның ішінде Рифт-Валли, Ньянзу, Батыс, Жағалау, Орталық, Солтүстік-шығыс, Шығыс облыстары сондай-ақ Найроби бар.
 Дереккөз: ҚазАқпарат


12 мамыр 2020 ж. 768 0