Пешті қолданған кездегі қауіпсіздік ережелері
2019-2020 жылдары жылу беру маусымында аудан көлемінде тұрғын үй секторында 17 өрт оқиғасы орын алған. Өрт оқиғасы салдарынан 1 тұрғын үй толығымен өртеніп кеткен және тұрғын үй ауласындағы қосымша құрылыстар, 3700 дана пресс шөбі, 4 тіркеме бос шөп, 3 тонна көмір өртенген.
Қазіргі таңдағы мәліметтерге сәйкес аудан көлемінде тұрғын үй секторларында өрт оқиғаларынан көбейгендігі алаңдатарлықтай. Өрттің басты себебі электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан, ашық отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамау, жасөспірім балдардың атан-анасының бақылауынсыз қалуы салдарынан.
2019-2020 жылдары жылу беру маусымында аудан көлемінде көмір қышқыл газынан уланудың 6 жағдайы орын алып салдарынан 1 адам қаза тауып, 19 адам (оның ішінде 11 жасөспірім бала) көмір қышқыл гзанынан уланған ауруханаға түскен. Осы орын алған оқиғалардаң басты себебі тұрғын үйлердегі тұрмыстық пештердін ақауынан, сапасыз көмірден, пешке көмірді көп мөлшерде салу, тұрмыстық пештердің түтін шығатын арналарына маусымдық тазалау жұмыстарын жүргізбеу салдарынан.
Тілсіз жаудың алдын аламын десеңіз – келесі қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыз. Жылу маусымы басталар алдында тұрмыстық пештер мен газ пештерді тексеріліп, маусымдық жөнделуі жұмысарын жүргізу керек. Пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин керосин, басқада тез жанатын сұйықтарды пайдалануға болмайды.
Пеште от жағу кезінде тиым салынады:
- От жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға сонымен қатар кішкентай
балаларды жалғыз қалдыруға;
- Отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды оттық алдындағы
қаңылтырға қоюға;
- Пешті шамадан тыс қыздыруға жол берілмейді;
Егер сіз электр жылыту пешін пайдалансаңыз, мына қағидаларды
біліуіңіз қажет:
біліуіңіз қажет:
- электр жылытқыштар тек зауытта жасалған болуы қажет;
- Электр жылытқыштарды жанғыш заттар мен жабуға, олардың үстіне
кір кептіруге болмайды;
- Қосылған құралдарды үнемі бақылау қажет, үйден кеткен кезде оларды
міндетті түрде өшіру керек;
Уақытша метал пештерді орнатқанда келесі өрт қауіпсіздігі талаптары толық орындалғанына көз жеткізіңіз. Метал пештердің аяқтарының ұзындығы 0,2 метр аз болмауы керек.
Пештің астындағы жанғыш едендер саз балшықпен жапсырылған кірпіш қатарымен немесе үстіне болат қаңылтырмен жабылған қалыңдығы 12 см – асбест қатты қағазымен оқшаулануы керек.
Метал пештері ағаш құрылымдар мен жиғаздан 1 метр – жанудан қорғалған құрылымдардан 0,7 метр қашықтықта орнату керек.
Айтылған ережелермен жеңіл және оңай іске асырылады. Осыларды бұлжытпай орындау сіздің үйіңізді өрттен, жанұяңызбен туысқандарыңыздың және жақын адамдарыңыздың өмірімен денсаулығын сақтайды.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101» және «112» телефонына хабарласып, болып жатқан жағдайды, мекен-жайын асықпай толық айтуы тиіс.

Өскен Бахытқалиұлы,
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты