№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » BIRGEMIZ: Түркістан қаласында 3 мыңға тарта тұрғынға 50 мың теңгеден берілді. Неге?

BIRGEMIZ: Түркістан қаласында 3 мыңға тарта тұрғынға 50 мың теңгеден берілді. Неге?


Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау мақсатында құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры арқылы Қазақстандағы ең ірі 23 қаладағы аса мұқтаж 150 мыңнан астам көмекпен қамтылуда.

Түркістан облысынан тізімге енген Түркістан қаласында да тұрғындарға 50 мың теңге беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Birgemiz-Turkistan» өңірлік қоғамдық қорының төрағасы Мұхамедәлі Қорғанбековтың айтуынша, екі күннің ішінде Түркістан қаласы бойынша 2969 отбасының есепшотына 50 мың теңгеден аударылған. «Халықбанк» арқылы 2223, «Каспибанк» арқылы 746 тұрғынның карточкасына қаражат түскен. Бұл игі бастаманы республика бойынша жергілікті әкімдіктер мен партия филиалдары үйлестіріп жатыр. Банк басшылары да жанашырлық танытып, тұрғындардың есепшоттарын, банк карточкаларын реттеуге көмек көрсетті.
Тағы бір айта кетерлігі, несие қарызына байланысты бұғатталған карточкалар да төтенше жағдайға байланысты босатылған. Тұрғындар қиын кезеңде көмек қолын созған Елбасына, «Nur Otan» партиясына ризашылықтарын білдіріп жатыр. Партияның нақты көмегін сезінген азаматтар партиялық бағдарламаларға да оң бағаларын беруде.
Айта кетейік, елімізде «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы 7 категория бойынша көмек берілмек. Түркістан қаласында аз қамтылған 1326 көпбалалы отбасы мен 819 бірінші топ мүгедегі, мүгедек бала күтімімен отырған 1014 отбасы мен зейнетақысы төмен және аз қамтылған 1611 зейнеткер, 59 жетім бала мен 74 ҰОС мүгедегі мен оларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар. Жалпы саны 4903 отбасы тізімге енгізілген.
10 сәуір 2020 ж. 454 0