» » Қазақстан бойынша "Арыс, біз біргеміз" атты қолдау науқаны басталды

Қазақстан бойынша "Арыс, біз біргеміз" атты қолдау науқаны басталды

Қолдау науқаны "Хабар", Qazaqstan телеарнасынан көрсетілді, деп хабарлайды Stan.kz.
 ÒазаÒÑÑанда
  Марафонға ІІМ орынбасары Юрий Ильин, "Қазақстандағы түрік қоғамы" филиалының төрағасы Әскер Пириев, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, сонымен қатар Nur Otan партиясы қатысуда.
Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмектесу үшін облыс әкімдігі жанындағы "Түркістан" әлеуметтік даму ұжымдық қорына хабарласуға болады. Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Қызылорда тасжолы, 34 А ғимараты. Пошталық индекс 161200, БИН: 100440016000. Түркістандағы ForteBank АҚ филиалы, КИК KZ7196528F0007014540, БИК IRTYKZKA.
Алматы белсенділері "Арыспен біргеміз" науқанын бастады. Ол бойынша жарылыстан зардап шеккендерге көмек жиналады. 
"Құрметті алматылықтар! Арыста болған жағдайға қатысты гуманитарлық көмек жинаймыз. Ең қажетті заттар: гигиеналық заттар, консервілер, макарон тағамдары, су, балаларға киім, көрпешелер. Заттарды жинау орны Абылайхан көшесі, 79 үй.  8 747 129 39 69 телефон нөміріне хабарласа аласыздар", - делінген WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламада. 
25 маусым 2019 ж. 811 0