Ел білетін "күнәһар"
Ертеректе Осман елінің патшасы IV Мұрат қасындағы көмекшісімен бірге қарапайым киініп ел ішін аралауға шығады. Ондағы мақсаты сол елдің жағдайын, тұрмысын өз көзімен көру еді. Бір кезде анадай жердегі үйде қараң-құраң адам жиналып тұр екен. Жақындай беріп қараса даулы мәселені шешіп жатқан секілді көрінді. Барып мәселенің мән жайын білді.

Бұл сөздерден кейін Мұрат патша қайтыс болған кісінің жаназасын оқып, арулап жерлеп, шын ықыласпен беріліп ол кісі үшін дұға жасайды. Кейін әйелі әлгі кісілерден жөн сұрайды. Мұрат патша өзінің Осман елінің басшысы екенін жеткізеді. Әйелі аң-таң қалады. Неге таң қалғанын сұрағанда патша екенін білгендігіне емес, басқа нәрсеге таң қалғанын айтады. Оны былай жеткізеді:
Кейін күйеуіме сенің бұл істеп жүргенің дұрыс емес, ел не ойлайды. Ертең өлгенде жаназыңды шығаратын адам табылмаса не істейсің?- деп уайымдаушы едім. Ол болса: «Қорықпа, менің не істегенімді Алла көріп тұр. Мен өлсем жаназамды патшаның өзі келіп оқитын болады. Әлі-ақ көресің, - деп жеңістік бермеуші еді. Қайран күйеуім қалай біліп айтқан десеңші.
Сонда Мұрат патша:
- Расында сіздің күйеуіңіз әулие болған. Біздің елден осындай керемет адамның шыққанына мен қуаныштымын, - деген екен.