№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кел сені де емдейін

Кел сені де емдейін

Бір жолы Меккеге Дымад әл-Әзди атты Йеменнің бір тәуібі келді. Мекке мүшріктері әдеттегідей оған Пайғамбарымызды (с.а.у.) сыртынан жатып кеп жамандады. Сөздерінің тоқетері «Мұхаммед барып тұрған мәжнүн» дегенге сайды. Дымад өзі тәуіп болғандықтан, іштей «Мәжнүн болса да жолығайын, күшті дем салып, мүмкін емдеп те жіберермін» деп ойлады.
Кездескен кезінде Дымад өз ойын жасырмай:
- Әй, Мұхаммед, мен емшімін. Қолымнан талайлар жазылған. Кел, сені де емдейін, кім біледі, мүмкін кеселіңнен құлан-таза айығып кетерсің, – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бейтаныс кісінің бұл ұсынысына сабырлық танытты. Сөйтті де Дымадқа байыппен:
«Біз Аллаға мақтау айтамыз, көмекті тек қана Алладан сұраймыз. Алла тура жолға салған адамға ешкім зиян тигізе алмайды, ал кімде-кім бұрыс жолды таңдап, Алладан алыстаса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммедтің оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін...» дей бергенде, Дымад Алла расулының сөзін бөлді.
– Жаңағы айтқандарыңды қайталашы? – деп өтінді. Расулалла (с.а.у.) жоғарыдағы сөздерін тағы қайталады. Сонда Дымад:
– Осы жасыма дейін түрлі сиқыршыны да, басқаны да көрдім. Бұл естігендерімнің салмағын сезіп тұрмын. Ислам неткен ғажап! Мен де мұсылман болғым келеді, – деп, сол жерде тілін кәлимаға келтірді...
21 қазан 2019 ж. 703 0