Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 47

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Компьютерді қайда жөндетсек болады?

Компьютерді қайда жөндетсек болады?

Бұл сұрақты компьютермен байланысы бар кеңсе қызметшілеріне қойсаңыз, «Прогресс» деген жауап аласыз.


– Компьютер. ХХІ ғасырдың жетістігі. Себебі бұл құрылғының көмегімен адамзат бұрын-соңды шықпаған шыңдарын бағындырды. Бүгінде әрбір адамның өмірі осы компьютерге байланған. Сондықтан баладан егде тартқандарға дейін комьютерді қолдана біледі, алайда оны ашып жөндеу әрбірінің қолынан келмейді, – дейді Тұрар Әлиев.
Ол 2000-2005 жылдары Шымкенттегі Қазақ-Өзбек инженерлік-гуманитарлық университетінде информатика мамандығы бойынша білім алады. Одан кейін білім салаларында ұстаздық етсе, 2012 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналыса бастайды. Бүгінде жаңақорғандықтардан компютер жөндету қажет десеңіз Тұрарға жөн сілтейді. «Прогресс» орталығында жұмыспен қамту бағдарламасы аясында үш адам жұмыс жасауда. Олар компьютер, ноутбук, принтер және т.б. ақауын жөндеп, қатарға қосады екен.
«Intellect» ЖШС ұйымдастырған жеке программалық компьютерлік курсы, ХХІ ғасыр оқу сыныбының технологиясы мен оқыту жүйесінің курсында білімін тереңдеткен Тұрар Жұманғалиұлы:
–Мектепте оқып жүргенімде комьютер аз болатын. Дегенмен заманауи құрылғыны меңгеруді мақсат тұттым. Нәтижесінде информатика бойынша жоғары білім алдым. Қазір екінің бірі меңгере бермейтін мамандық бойынша халыққа қызмет көрсетудемін. Құдайға шүкір, кейде күніне ондаған тапсырыс келіп жатады. Тапсырыстың көптігіне қарамастан айтылған уақытта тапсыруға тырысамын. Сондықтан бір келген клиент екінші рет қайта келіп жатады. Алдағы уақытта орталықты кеңейтуді ойлап жүрмін.
Уақыт талабына сай күн сайын, ай сайын компьютерлік програмалар өзгеріп жатыр. Сондықтан бір уақыт интернеттен ең соңғы бағдарламалар жайлы білімімді толықтырып жүрмін. Бұл –уақыт талабы, –деді.
Сайдулла Сәрсенбаев: «Бүгінгі заманда компьютерсіз жұмыс бітпейді. Әсіресе құжаттар шығару үшін принтер керек-ақ. Өткенде жұмысымда қағаз шығару қажет болды. Алайда принтер бұзылып қалыпты. Не керек, Прогрестің қызметіне жүгіндім. Жігіттер сапалы әрі айтқан уақытта бітіріп берді. Мұндай орталықтар ірі ауылдарда болса да артықтық етпейді деп ойлаймын», – деп ойын жеткізді.
Т.Әлиев Шиеліде бағдарламашылар мен жүйетехниктер арасында өткен сайыста «Ең үздік веб сайт» тақырыбында бас жүлдені жеңіп алыпты. Яғни, сайт, портал ісінде жетік меңгерген. Олай болса аудандағы мемлекеттік мекемелер өздерінің интернеттегі ресурсын ашқанда көмектесетін маман бар.
Түйін. Тұрарды мақтау немесе жарнамалау ойымызда жоқ. Тек уақытын бос өткізіп ата-анасының зейнетақысына телміріп отырған жастарға ой салу. Жастар бүгін бар ертең жоқ таксист немесе жүк тасушы емес, заманауи мамандықтарды иегерсе дейміз...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
18 қазан 2019 ж. 605 0