Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғалымдар Марс ғаламшарында үй тұрғыза бастады

Ғалымдар Марс ғаламшарында үй тұрғыза бастады


Ғалымдар қазіргі таңда Жер ғаламшарынан тыс өзге де планеталарға зерттеу жүргізіп, жаңалық ашуға ұмтылып жатыр. Соның ішінде Марсқа жасалып жатқан экспедицияға тоқталайық. Бүгінде Марсты зерттеп жатқан ғалымдардың басын қатырған сұраққа жауап табылды. Марста үйді қалай саламыз?

Үй салу үшін су, кірпіш және бетон керек екенін білеміз. Ал бұл қажеттіліктерді жерден алып шығу мүмкін емес. Себебі тартылыс күші жоқ кеңістікте ауыр затты тасымалдау ақылға қонымсыз. Бірақ ғалымдар ақыры жауабын тауып, оны халыққа ұсынып отыр. NASA инженерлері не дейді? Scientific Reports журналының жазуынша, америкалық аэроксомос агенттігі Марста үйді қалай тұрғызуға болатынын ойлап тапқан. Ол үшін алдымен 3D басып шығару құрылғысы іске қосылады. Осы құрылғының көмегі арқылы үй салу көзделіп отыр. Бірақ оған да су керек екенін ескеру керек. Ал ғалымдар көп ойланбай, оның да жауабын тапты. Олар 3D басып шығару құрылғысы арқылы кірпішті өндіре алатын болып шықты. Тіпті оған судың қажеттілігі де жоқ. Ең басты жұмыс тек «басып шығару».  Ғалым Брайан Чоу және оның әріптестері Калифорния университетінің қабырғасында зор жетістікке жетті. Олар Гавай аралдарындағы жанартаулардан шыққан қалдықты қайнатып, одан темірдің аздаған мөлшерін өндірді. Ал оның құрамын өзгерту үшін минералды заттарды қоспаға жаратқан. Нәтижесінде бұл минералды зат кірпіш секілді берік болған.  Осы жаңалық жүзеге асатын болса, Марсқа су мен кірпіш тасудың қажеті жоқ. Тек үш метрлік басып шығарушы құрлығы ғана қажет.

Massaget.kz
29 маусым 2018 ж. 1 033 0