№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бас ауруының біз біле бермейтін құпиялары

Бас ауруының біз біле бермейтін құпиялары

Бастың ауыруы адамдар арасында өте жиі кездесетіні құпия емес. Біреулер басының ауырғанын шай ішпегеннен деп ойласа, басқалары компьютердің алдында ұзақ отырғанынан көріп жатады. Бас ауруының көпшілік білетін себептері аз емес: бас сақинасы ауруының болуы, далаға шықпау, күні бойы экранның алдында отыру, тұмаурату, шу және т.б. Бірақ оның сіз білмейтін жасырын себептері де бар.


1. Тұзды тамақ Қандағы натрийдің артып кетуі бүйректің су шығаруына кедергі жасайды және қысымды көтереді. Тұзы көп тағамды мөлшерден тыс жеу бас ауруын шақырады. Басыңыз жиі ауырса, дәрігерге көрініңіз. Егер денсаулығыңызда бәрі дұрыс болса, тұзды тағамды азайтып көріңіз.
2. Шашты қысып жинау Кей шаш үлгілері шашты қатты қысуды және бас терісін тартуды қажет етеді. Ол да бас ауруының бір себебі болуы мүмкін. Көптеген зерттеулер бойынша, әйелдер шаш үлгілерінің себебінен бас ауруын жиі сезінеді екен
3. Глаукома (көз ауруы) Көз іші қысымының артуы көру жүйкесінің жансыздануына әкеледі. Сондықтан бас ауруы, жүрек айну, температура, жарықтан қорқу пайда болады. Глаукома белгілерін байқасаңыз, бірден көз дәрігеріне қаралу керек. Себебі бұл ауру соқырлыққа әкелуі мүмкін.
29 қыркүйек 2019 ж. 2 277 0