№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨҢІЛ-КҮЙДІҢ РЕТТЕЛУІ БАУЫРҒА БАЙЛАНЫСТЫ

КӨҢІЛ-КҮЙДІҢ РЕТТЕЛУІ БАУЫРҒА БАЙЛАНЫСТЫ

Француздар бауырды "көңіл күй безі" деп бекер айтпайды. Эдинбург университетінің ғалымдары 165 мың еріктілердің осы ағзасын 10 жыл бойы зерттеген. Нәтижесінде, депрессияда немесе созылмалы күйзелісте болған адамдар жиі бауыр ауруларымен қиналған. Бауыр – адам ағзасындағы басты жүйенің бірі. Егер ол сау болмаса, жаңылу бүкіл ағза бойынша болады. Соның ішінде, бас миы да өзгеріске ұшырайды: бауыр қанды қажетті түрде сүзгілеуді тоқтата бастағанда, зәр оны улай бастайды. Сол үшін бас ауруы, ұйқысыздық, созылмалы шаршағандық, депрессия пайда болады. Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша, бұл белгілерді адамдар әдетте бауырмен байланыстырмайды. Бауырының сау еместігін біліп тұрса да, айтылған белгілерді оның салдары болуы мүмкін екендігін ойламайды. Бауырда жүйке жалғаулары болмағандықтан, ол өзінің "проблемасын" хабарлай алмайды. Шаршағандық және депрессия секілді белгілерді адамдар жұмыстағы немесе жеке өмірдегі мәселелермен байланыстырады. Сонымен қатар, ұйқысыздық және көңіл күй ауысуы кезінде бауырды тексерту ешкімнің ойына келмейді. Көңіл күй өзгерісінен басқа бауыр проблемасының бар екендігін мына белгілер көрсетеді: әлсіздік, оң жақ қабырға астынан ауырлық пен ыңғайсыздық сезіну, тәбеттің түсіп кетуі, жүрек айну, құсу, газ түзілуінің жоғарылап кетуі, іш өту, ауызға жағымсыз дәм келу, ісік, дене температурасының жоғарылануы. Егер осы айтылғандардың бірі мазаласа, дәрігерге көрініңіз.
Бауыр ауруының қалай алдын алу керек?
Бауыр түрлі себептен ауырып қалуы мүмкін: алкоголь және дәріні көп ішу, вирус пен бактерия, семіздік пен дұрыс емес тамақтану. Сондықтан ең жақсы алдын алуға – салауатты өмір сүру салты жатады:
- алкоголь ішуді азайту (немесе толықтай бас тартқан жөн);
- темекіден бас тарту;
- белсенді өмір салты;
- гигиена ережелерін сақтау;
 - дұрыс тамақтану;
- күйзелістің болмауы.
Алайда бұл шаралар сау бауырдың болуына кепіл бермейді. Себебі сыртқы өмірде көптеген негативті факторлар бар. Сонымен қатар, кей бауыр аурулары белгісіз түрде келеді. Сондықтан, жылына бір рет тексерістен өткен жөн.
22 қазан 2018 ж. 1 244 0