№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ҮНДЕЙТІН ТҰЖЫРЫМДАМА

ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ҮНДЕЙТІН ТҰЖЫРЫМДАМА


Бүгінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы кейбір заңнамаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қоғамда ең көп талқыланған тақырыпқа айналды. Заң жобасы дін саласындағы заңнаманы жетілдіруге және діни радикализмнің алдын алуға бағытталған. Негізі бұл заң Елбасы жарлығымен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында әзірленген. Десе де, кез келген заң халықтың мүддесі үшін жасалатыны айқын. Осы тұста, құнды құжаттың тұжырымдамасымен таныспақ ниетте облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының аудандық бөлім теологы Шоқан Айдаровты сөзге тарттық.
Теологтың сөзінше, Заң жобасында сақалдан да, балақтан да маңызды дүниелер бар екен. Яғни, алғаш рет құжат жобасында діни радикализм, деструктивтік идеологиялық ағым, деструктивтік діни ағым және одан өзге бірнеше терминдерге анықтама беріліп отыр.
– Тұжырымдама да деструктивтік діни ағымдарды насихаттауға, идеологиясының таралуына тыйым салу қарастырылуда. Діни бірлестіктердің өздерінің құқықтарын қорғау, олардың өздерінің қызметі үшін түсінікті және ыңғайлы жағдайлар жасауға, нақтылауға, қорғауға бағытталған нормалар бар. Оған қоса, бұған дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев мырза бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында Заң жобасында орамал тағу немесе хиджаб кию туралы мәселе мүлдем қарастырылмағанын, оның діндарлардың киетін киімі болып табылатынына ешқандай қарсылығы жоқ екенін бірнеше мәрте мәлім етті, – дейді Шоқан Айдаров.
Заң жобасында әйелдердің никаб, чадра, бетперде секілді киім элементтерін киюлері құқық қорғау органдары өкілдері тарапынан олардың жеке басын идентификациялау мен тануға кедергі келтіретіні, нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдаудың тиімділігін төмендететініне байланысты қарастылырып отырғаны белгілі болды.
Сондай-ақ шетелде діни білім алу мәселесі де оңтайлы жол қойылмақ екен. Бұл жөнінде теолог тарқата айтып берді.
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кадр мәселесін шешудегі шетелдік білім беру мекемелерінің үлес салмағы 7-8% құрайды. Діни қызметкерлердің басым бөлігі жоғары білімді отандық оқу орындарынан алған. Қазіргі кезде мемлекетте 9 медресе (соның ішінде 5 медресе-колледж), жоғарғы білім беретін «Нұр Мүбарак» университеті жұмыс істейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін мемлекет «Нұр Мүбарак» университетінің «исламтану» мен «дінтану» мамандықтарына бөлетін гранттар санын көбейтуге ерекше назар аударады. Мысалы, 2017-2018 оқу жылында мемлекет тарапынан 2018 грант бөлінген. Оған қоса, болашақта олар терең діни білім алу мен тіл үйрену үшін шетелдік оқу орындарында білім алуды жалғастыра алады. Яғни, әуелі отандық діни білім беру мектебін дамытуға күш салады, – дейді тоелог.
Сонымен қатар, Заң жобасында әкімшілік ықпал шараларын ізгілендіру жайы қарастырылған. Қазір қолданыстағы заңға сәйкес дін саласында құқық бұзылған жағдайда айыппұлдар мен қызметті тоқтату шаралары қарастырылған. Ал, дін саласындағы құқық бұзушылыққа әкімшілік жаза тағайындауды ізгілендіру мақсатында мемлекеттік-діни қарым-қатынасты жетілдіру аясында балама әкімшілік жаза ретінде ескертуді қолдану ұсынылады екен. Жалпы, ескерту қолданылатын баптардың жалпы саны – 9. Теолог Шоқан Айдаров енгізілгелі жатқан тоғыз бапты санап берді. Бірінші, діни жораларды, рәсімдерді және жиындарды өткізудің талаптарын бұзу; қайырымдылық қызметті жүргізу; діни әдебиетті және діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсатта пайдаланылатын заттарды кіргізу, шығару, әзірлеу мен тарату; діни ғимараттарды салу; дінге оқытуды ұйымдастыру. Екінші, қоғамдық орындарда бетті танып білуге кедергі келтіретін киім бөлшектерін киюге қатысты талаптарды бұзу. Үшінші, өкілетті органның рұқсатынсыз шетелдің діни орталығы тағайындаған адамның діни бірлестікке жетекшілік етуі. Төртінші, балиғат жасқа толмаған балалардың құлшылық етуге, діни рәсімдерге және т.б. қатысуға байланысты талаптарды бұзу. Бесінші, діни ғимараттың, діни бірлестіктердің үй-жайларының ішкі тәртібін сақтау талаптарын бұзу. Алтыншы, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің тарапынан қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерді діни бірлестіктердің мүдделеріне пайдаланбау, сонымен бірге өзге адамдарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу талаптарының бұзылуы. Жетінші, қоғамдық орындарда теріс діни ағымдарға жатуды білдіретін сыртқы белгілерді, киім бөліктерін пайдалану, кию және тарату. Сегізінші, қоғамдық, діни бірлестік басшыларының, мүшелерінің немесе діни бірлестіктің осы қоғамдық, діни бірлестік жарғыларының айқындаған мақсат-міндеттер шегінен тыс шығатын әрекеттер жасау. Соңғысы, қоғамдық, діни бірлестік басшыларының, мүшелерінің немесе қоғамдық, діни бірлестіктің заң бұзатын әрекеттер жасау үшін қарастырылған.
Түптеп келгенде, қазір заң жобасы талқылау кезеңінен өтіп, тиісті өзгерістер енгізілуде. Заң жобасы қазіргі уақытта сарапшылардың діни ұйымдардың өкілдерінің кең ауқымды қатысуымен, көптеген алаңдарда талқыланды және талқылану жалғасып келеді. Осы жұмыс барысында тиісті өзгерістер жасалады. Бұл – қалыпты жұмыс үрдісі. Алдағы уақытта діни ахуалдың оң бағытта өзгеруіне осы заңнамаға енгізілген толықтырулар өзіндік үлесін қосары сөзсіз.

Самат КЕРУЕНБЕКТЕГІ.
03 сәуір 2018 ж. 6 421 2 699
Пікір қалдыру

Пікір 2 699

Nashshalf от 3 сәуір 2024 21:14

Jasonshalf от 5 сәуір 2024 12:47

Zaynshalf от 8 сәуір 2024 02:01

Nehemiahshalf от 9 сәуір 2024 15:14

Kyrieshalf от 12 сәуір 2024 20:32

Kaneshalf от 13 сәуір 2024 04:02

Tysonshalf от 14 сәуір 2024 18:40

Miloshalf от 16 сәуір 2024 14:58

Grantshalf от 18 сәуір 2024 00:43

Maddoxshalf от 21 сәуір 2024 11:11

Portershalf от 22 сәуір 2024 16:14

Miloshalf от 23 сәуір 2024 06:19

Royalshalf от 24 сәуір 2024 20:43

Boshalf от 28 сәуір 2024 16:41

Angelshalf от 30 сәуір 2024 17:29

Maddoxshalf от 4 мамыр 2024 03:29

Ricardoshalf от 5 мамыр 2024 22:23

Ryanshalf от 7 мамыр 2024 08:16

Kingshalf от 8 мамыр 2024 18:38

Lukashalf от 10 мамыр 2024 06:53

Jakeshalf от 12 мамыр 2024 01:25

Zacharyshalf от 14 мамыр 2024 00:42

Carsonshalf от 16 мамыр 2024 07:06

Sageshalf от 17 мамыр 2024 15:07

Ryanshalf от 18 мамыр 2024 23:02

Tristanshalf от 18 мамыр 2024 23:11

Timothyshalf от 20 мамыр 2024 10:24

Matthiasshalf от 21 мамыр 2024 07:03

Sergioshalf от 23 мамыр 2024 14:42