№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

№30 (8944) 25

25 сәуір 2026 ж.

№29 (8943) 21

21 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » АЛАКӨЛДІҢ ТҮБІНЕ КЕТКЕН ҚАЛА

АЛАКӨЛДІҢ ТҮБІНЕ КЕТКЕН ҚАЛА

Орта ғасырлық зерттеушілердің де назарынан тыс қалмаған Алакөлдің жағалауына еуропалық Плано Карпини, Гильом де Рубрук сияқты саяхатшылар «Қарақорым сапары» кезінде арнайы келіп естеліктер қалдырған. Ең қызықтысы, араға 7 ғасыр тастап Гильом де Рубруктың ұрпағы Кэтрин есімді фрацуз әйелі бабасының жүрген жолымен сапарға шыққан. 1992 жылы Алакөл аймағына келген Кэтрин жергілікті басшылармен кездесіп, бұл көлдің жағасында осыдан 7 ғасыр бұрын «Омыл» деген қала болғанын жеткізіпті. Өкінішке орай, ол аймақты су шайып кетуіне байланысты бұл қала қазір су астында жатыр.  Айдынды Алакөлдің тарихы мен туризмін толыққанды жазар болсақ, бұл шағын материал том-том романдарға ұласып кетер. Сондықтан, бұл өңірдің тарихына деген оқырманның қызығушылығын құлдыратпау үшін, қалған ақпараттарды алдағы уақытта шығарамыз. 
                                         
Massaget.kz
26 маусым 2018 ж. 7 082 845