№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

БИІКТІК

Биіктік ұғымын әркім әр түрлі түсінеді, әр түрлі қабылдайды. Географияда, астрономияда, математикада, психологияда және т.б ғылымда түрлі мағына қолданылғанымен, өлшем бірлігі ретінде асқақтықты, кемелдікті білдіретіні белгілі. Сыр өңіріндегі Қырымбек Көшербаетың тың бастамаларын, халықшыл жобаларын биіктікпен өлшеуге болады. Сонымен...

  Әрбір әкімнің негізгі міндеті – аймақ халқының әл-ауқатын арттыру. Яғни өңірдің экономикасын серпілту қажет. Сондықтан Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысына әкім болып келісімен экономиканы әртараптандыруды қолға алып, халықшыл жобалар жүйесін құрды.
«Жақсы көрсеткіш» деген кезекші сөздің артында тұрақты жұмыс тапқан адамдар және жағдайы түзелген отбасылар, балғындардың жаңа салынған балабақшаға барып, ортасын тауып, ойыны қанып қуанғаны, бірнеше ауысыммен оқытатын ескі мектеппен қоштасып, жаңа заманауи жабдықталған мектепке көшкен оқушылардың бақыты, қыс келе көгілдір отынның игілігін көрген шаңырақтардың шаттығы үшін қызмет етуді жолға қойды. Нақты жоспар мен айқын мақсатты нәтижеге ұластыру үшін аудан-ауданды жиі-жиі аралап, негізгі мәселелерді анықтады.
Қырымбек Елеуұлы Жаңақорған ауданына жасаған сапарлары кезінде істің қиюын, жұмыстың жүйесін таба білетін білгір басшы және мәселелерді терең зерттеу арқылы түйінін тарқата білетін іскер тұлға екенін білдік. Бәрінен бұрын, сөздің қадірін, қаламның қасиетін білетін сөз зергері ретінде таныдық.
2013 жылдан бері Жаңақорған ауданы бойынша 15 типтік жобадағы мектеп пен 14 медициналық нысан қолдануға берілді. Осылайша апаттық және үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, медициналық нысандар жаңартылды. «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалды. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту қолдау тауып, бизнеске ден қойғандар саны көбейді. Ақылды технологияларды агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды дамыту арқылы өнімділікті арттыру мақсат етілді. Қарапайым халықтың әлеуетін арттыратын мемлекеттік бағдармалар тиімді жүзеге асты. Мұның бәрі болмысы биік, бітімі ерек басшының талапшылдығы мен табандылығының нәтижесі екені даусыз.
Кейбір көрсеткіштер бойынша көш соныңдағы Қызылорда облысы санаулы жылдар ішінде республикада алдыңғы орынға шықты. 2013-2019 жылы облыс экономикасына 1,7 трлн. теңге инвестиция тартылып, 71 жаңа өнеркәсіптік өндіріс іске қосылды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығы жарияланып, орта және шағын бизнесті қолдауда ең тиімді аймақ саналды. Балық аулау 2 есеге арттып, бірнеше жыл қатарынан күріштен рекордтық көрсеткіште өнім жиналды. Қызылорда қаласында 15 жаңа шағын аудан ашылып, 3,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сырдарияның сол жағалауы игеріле бастады. Адами капиталды дамыту бағытында білім беру саласына басымдық беріліп, мектеп түлектерінің 97 проценті арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Ресей Федерациясының Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласының ең беделді инженерлік жоғары оқу орындарында 500-ден астам қызылордалық білімін жетілдіріп жатыр.
Қырымбек Елеуұлы «ертеңгі күннің еншісі бүгінгі жұмыс өнімділігі мен төгілген термен өлшенеді» деген ұстанымды биік ұстап, жанындағыларды үлкен іске жұмылдырды. Халықшыл бастамаларда адалдық танытуда үлгі көрсетіп, тәрбиеледі. Үлкен бастамаларға сендіре білді. Елге сыйлы болудың қарекетін көрсетті. Бұл – биіктіктің айқын дәлелі.
Енді Көшербаевтың биіктігі біреулер үшін алынбас қамал, біреулер үшін биік шың болып көрінетіні анық. Оның биігіне шығу үшін халыққа аянбай еңбек етіп, өнімді тірлік етуі тиіс. Басқа жол жоқ. Міне, «биіктік» деп осындайда айтылса керек-ті.


Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

02 шілде 2019 ж. 909 0