№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Стив Джобс - АРРІЕ компаниясының негізін қалаушы.

Стив Джобс - АРРІЕ компаниясының негізін қалаушы.

    Алма әр түрлі болады: қышқыл, ащы, тәтті, кейбірі ағашынан алысқа құламайды. Оған қоса жартылай тістелген алмалар бар. Сондай алманың бірі Apple компаниясының логотибіне айналды.
 

Әлем осы компанияның негізін қалаушы, аса талантты Стив Джобстан 2011 жылы айырылып қалды. Әр адамның бойына лайықты біркелкі жетістіктің жаттанды тәсілі болмағанмен,  бұл мақаладан әркім Стив Джобстың жүріп өткен жолымен танысып шыға алады. Бәлкім, өзіне пайдалы ақпаратты табар.
  Стивен Пол Джобс 1955 жылы 24 ақпанда Сан-Франциско қаласында дүниеге келді. Туа салысымен оның өмірінің қызықтары басталады. Оның ата-анасы одан бірден бас тартады. Жағдайы келмегендіктен емес. Анасы Джоан Шибле неміс эмигранттарының қызы. Олар фермерлікпен шұғылданған. Әкесі Абдулфаттах Джандали университетте жұмыс істеген. Анасының әкесі олардың қосылуына қарсылық білдіреді. Қызын мұрагерлік тізімнен шығарамын деп қорқытқан. Сол себепті бұл жұп қосыла алмаған. Балаларын өзге отбасыға бағып алуға өткізеді. Өгей ата-анасына бала жоғары білім алуы керек деген талап қояды. Стивті асырап алған әке-шешесі  бұл талапты орындайды.
  Сөйтіп, нәресте Стив Джобстар отбасына келеді. Екеуін де жақсы көрген. «Олар менің толыққанды ата-анам, 100 пайызға» деп өзі айтатын. Кей әріптестері Джобстың қылық-әрекеттерінен тастанды баланың өкпесін көрдік деп те әсіреледі. Бірақ Стивтің өзі  мұны мойындамаған. «Мені асырап алғанын басынан білдім. Мен өзімді еркін сезінетінмін. Бірақ ешқашан тастанды сезінгенім жоқ» дейді ол.
2011 жылы тамыз айында Джобс ауыр дертіне байланысты компаниядан кетеді. 5 қарашада дүниеден озады.Джобстың жасап қалдырған өнімдері миллиондаған адамдардың мұқтаждығын өтеп отыр.
01 шілде 2019 ж. 572 0