№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бетіне қарап, мінезін таны

Бетіне қарап, мінезін таны

  Біз бұл өмірде біреуді дөңгелек жүзді, ат жақты, қалмақ бет, кең маңдай, тар маңдай деп жатамыз. Былайша, мұнда тұрған ештеңе жоқ, әркімнің өз жаратылысы, өз пошым-пішімі бар. Алайда сонау көне кезеңнен тамыр тартып келе жатқан физиономистика ғылымына жүгінсек, адамның бет-әлпетіне қарап-ақ оның мінез-құлқын, өмір жолын болжап білуге болады. Біз енді оған жеке-жеке тоқталсақ.
Беттің пішініне байланысты



1. Сопақша бет. Саясаткерлер мен үкімет билігіне ие адамдарда жиі кездеседі. Ол сонымен бірге, адамның ақсүйек тұқымынан шыққандығын да көрстеді.

2. Беттің айнала орналасуы.
Көбінесе маңдайы биік зерделі жандарға және ерік-жігері әлсіз өнер адамдарына тән. Беттің мұндай типі негізінен тым шамшыл емес әйелдер арасында көп ұшырасады.

3. Сопақ бет. Ол адамның жалпы шамшылдықтан жұрдай екендігін танытады. Алайда, ол биік жақ, өткір көзді болса, онда ол-күшті, тіпті қиын-қыстау шақта өте қауіпті жан.

4. Дөңгелек жүзділік. Мейірбандықтың, ақ жарқын, ашықтықтың белгісі. Ондай адам жайлы тұрмыс үшін жанын салады. Ол-маңайымен тіл тапқыш, қарапайым турашыл, еңбекқор, айналасына жайлы, оларға қолайлы жағдай жасай алатын адам.

5. Ат жақтылық. Ақсүйектігі басым адамға тән. Олардан іскер ұйымдастырушы, мықты басшы шығады. Оның жұртты бастауға икемі бар, зиялы, іскерлік қабілеті мол. Қажыр-қайраты мен ерік-жігері де бір басына жеткілікті.

6. Үш бұрышты бет пішін. Бұл жоғары интеллектен, зиялылықтан хабар береді. Мұндай адам сергек те сезімтал. Араларында қулыққа, айлакерлікке бейімдері де бар.

7. Төрт бұрышты бет пішін. Бұл күресе білетін, бірақ өте шабан ойлайтын, бірбеткей және тікбақай адамға тән. Мұндай кескін әйелдерге бітсе, онда оның диктаторлық қабілеті бар және отбасында билік жасауға икемділеу болғаны, әрі бұл әйел өзін ер адам орнына балайды.

Төрт бұрышты бет пішіні бар адам дөрекіліктен де, қатал-дықтан да ада емес. Бірақ не істесе де сабырмен, ақылмен істейді. Сөзіне ел сенетін, соңынан жұрт еретін көсемдер көбінесе осындайлардан шы-ғады. Олар ойға алғанын жүзеге асыруда табанды.
8. Томпақ бет. Қырынан қарағанда томпақ бет кісі қалжыңға бейім, ақжарқын келеді.
30 мамыр 2019 ж. 1 838 0