№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазіргі ішкі эмоцияңызды дәл сипаттап беретін психологиялық тест

Қазіргі ішкі эмоцияңызды дәл сипаттап беретін психологиялық тест

 Эмоция біздің өмірімізге біз ойлағаннан да қатты әсер ететіні дәлелденген. Біздің көңіл-күйімізге түрлі сыртқы факторлар әсер етеді: ауа-райы, жанындағы адамдардың  көңіл-күйі мен жеке пікірлері.
Танымал психологтың арнайы қысқаша тесті сіздің қазіргі уақытта қандай көңіл-күйде жүргеніңізді айтып береді. Ол үшін жоғардағы суреттегі белгілі бір затты ғана таңдайсыз. Көзіңізге бірден қай зат түссе соны таңдағаныңыз жөн.
ÒазÑÑÐ³Ñ ÑÑÐºÑ ÑмоÑиÑÒ£ÑÐ·Ð´Ñ Ð´Óл ÑипаÑÑап беÑеÑÑн пÑиÑологиÑлÑÒ ÑеÑÑ
Әткеншек. Ол эротикалық ойынды көрсетеді. Бұл затты таңдаған адам сезімге берілгіш және өзгелерге тәуелді болып келеді.


Велосипед. Бұл адамның жаңалыққа құштар және белгілі бір мақсатқа ұмтылысты көрсетеді. Сіз жан-жағыңызды өзгерткіңіз келеді. Өмірдегі құндылықты қайта қарап, өміріңізде болатын өзгерісті күтіп жүрсіз.

Алма салынған себет. Бұл ақыл мен білімнің көрінісі. Жеке өміріңізде бақыт пен жетістік қатар жүреді.

Шеге. Белгілі бір жұмысты жасай үшін өзіңізді әдейі қинап барып жасайсыз. Бұл психикаға қатты әсер ететін өте қиын жағдай болып есептеледі.

Дулыға. Бұл ерлік мен күштің көрінісі. Бұл обьектті таңдаған адамны күш-жігері мықты болса да, шешім қабылдай алмайды.

Кітап. Білімге құштар жандардың ғана көзі түседі.  Сіз үнемі ізденіс үстінде жүресіз. Бұл керемет қасиет.

Балта. Зорлық-зомбылық пен барлығын күшпен жасауға тырысатын жандар ғана таңдайды.  Сіз үнемі өз-өзіңізге қарсы келіп отырасыз.

Бетперде. Мінезіңіз үнемі құбылып отырады. Тұрақты шешімге келе алмайсыз.

Картина. Эмоцияңыз тұрақты болып табылады. Іс-әрекетіңіз де өнімді.

Дөңгелек. Бұл туыстарыңызбен жақын  араласатыныңызды білдіреді. Бірақ сіз қазіргі өміріңізді өзгерткіңіз келмейді.


Шұжық. Бұл физикалық қабілетіңіздің көрінісі. Сіздің ішкі ағзаңызда көпшілік біле бермейтін ауруыңыз бар болуы мүмкін. Тіпті оны сіз де білмейтін шығарсыз.

Тор. Сіз өте тұйықсыз, өзгелермен тез араласа алмайсыз. Сізге айналаңыздағы адамдармен тіл табысуды үйену керек.

Баспалдақ. Сіз өз мақсаыңызға жетпей қоймайсыз. Үнемі еңбектеніп жүресіз және мақсатыңызға жету үшін ештеңеден тайынбайсыз.

Жәшік. Бұл сіздің тұлғаңыздың көрінісі.  Сіз ішкі сырларыңызды өзгелерге айта бермейсіз. Өз мәселелеріңіз өзіңізге ғана белгілі.

Сыпырғыш. Сіздің жасырынып жатқан армандарыңыздың белгісі. Сіз бұл армандарыңызды ешкімге айтпайсыз.

Сынық орындық. Қызір сіз бәрінен шаршап жүрсіз. Сіздің өміріңіз түсініксіз болып кеткен. Алайда шыдамдылық ғажайыпқа жетелейтінін біліңіз.

Сынған айна.  Өзіңізді қалай көретініңізді, елестетініңізді көрсетеді. Бұл сіздің  ішкі әлеміңізде болып жатқан шайқас. Соның нәтижесінде өзіңізді нашар сезінесіз.

 Қысқаш. Сіздің алдыңызда екі жол, екі таңдау тұр. Қайсысын таңдайтыныңызды өзіңіз білесіз, әрине. Алайда жүрегіңізді тыңдай біліңіз.

Қандай жағдай болмасын өзіңіздің эмоцияңызбен қатар өміріңізді де өзгерте аласыз. Осыған сеніңіз және өзіңізге ұнамайтын дүниеге басыңызды қатырмай, өзгертуге тырысыңыз. Өмірде бәрі мүмкін.
Аударған: Әсел Өтешова
23 мамыр 2019 ж. 2 517 0