№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Математика – ғылымдардың төресі

Математика – ғылымдардың төресі

                


Әлемдегі адамның орны қандай? Мәңгі гүлдеп тұратын табиғаттың қайнар көзі қайда? Осының барлығы әрбір сана иесін түсіну мен түйсінуге жетелейді. Бүкіл ғылым атаулының негізі жаратылыстың тылсым сырларын тануға, жорамалдарды, идеяларды логикалық бір ізге келтіруге, түпкілікті принциптерді табуға негізделген.
Осы ғылымдардың ішінде математиканы алабөтен айшықтап, «ғылымдардың атасы» дейміз. Өйткені сандар – бүкіл тіршіліктің бастамасы, жаратылыс туралы түсініктің кілті.
Математика – нақты ғылым. Ол әлемге белгілі бір тәртіп орнатқан теоремасынан танбайтын тұрақтылығымен ғажап. Пифагор бізге ең жоғарғы жетістігі – «гипотенузаның квадраты катеттердің квадратаның қосындысына тең» деп аталатын атақты теоремасымен қымбат. Архимед пен Ньютонның есімдері бүкіл әлемге аян. Ірі ойшыл, ғалым, Афиныда өмірге келген атақты Евклид Птоломей патшаның: «Геометрияны бейнетсіз оп-оңай білдіретіндей жол бар ма?» деген сұрағына: «Геометрияда патшалар үшін айрықша жол жоқ» деп жауап қайтарыпты. Ол математика, физика, астрономия, музыка ғылымдары бойынша бірнеше еңбектер жазған оқымысты.


Математика ғылымының кіндігі – Шығыс, Үнді, Мысыр болса, Грекияның аса дарынды ойшылдары бұл ғылымды өзінің нәтижелері мен түпкі қағидаларынан логикалық қорытынды арқылы негіздеп шығаратын ғылымға айналдырды. Грек математикасында білімді теория түрінде дәлелдеу талап етілді. Әлі күнге дейін есепті шығарғанда: Берілгені дейміз, сосын есепті шығарып, шешуін жазамыз. Атомдық ілімнің негізін салушы ежелгі грек философы, материалист Демокрит былай деген: «Мен үшін барлық ғылыми дәлелдемелерді табу бүкіл Парсы патшалығын меңгеруден гөрі маңызды».
Ендеше осынау ғажайып ғылымды меңгеру талабын бүгінгідей жаһандық білім бәсекесіне ұмтылған жеткіншектеріміз қандай деңгейде игере алмақ? Білім мазмұнының биік не төмен болуы кімдерге байланысты? Дарынды баланың жан-дүниесін танып, кемеліне келтіруде қандай алғышарттар қажет? Осы бағытта өз пайымдауларымызды ортаға салып көрелік.
16 мамыр 2019 ж. 958 0