№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Өз жұбайың барында...

Өз жұбайың барында...

Бірде түскі үзіліс уақытында әріптестермен тамақтанбақ болып, кент орталығындағы көпшілікке белгілі кафенің біріне кірдік. Отырып жайғасқанымыз сол, тапа-тал түсте жас жігітке қарай асылып, жабысып отырған егде жастағы әйел мен жанындағы 8-9 жасар жеткіншекке көзіміз түсті...

Алдарына үңіліп қарасақ, дастарқан толы шөлмек пен ішімдік. Жаратылысы нәзікжанды бола тұра аузына дамыл бермей, ішімдік ұрттап отырғанын көргенде әлгі әйелге шошына қарағанымыз рас. Иә, ер адамның жөні бір бөлек, әйелдің араққа құмарлығы жаман екен. Жұмыстастарым мұндай нашар көріністен,  айдың күні аманында жас жігітке үлкен әйелдің асылғанынан тітіркеніп, «жүріңдер, мына жерден кетейік», – деді. Кеткенде қайда бармақпыз? Тағамды ең таза әрі жылдам жасайтын осы жер ғой, оның үстіне, уақыт тығыз болғандықтан, көп күтіп қаламыз деп, мен отыра беруді өтіндім. Оларға керегі көңіл-көтеру болса, біздікі тамақтану еді. Содан не керек, әлгі әйелдің қарқылдаған жағымсыз күлкісі естіліп, айғайлап, неше түрлі былапытсөздерді айтса да мән бермеуге тырысып, өзімізше әңгіме дүкен құрдық. Бір уақытта әлгі аузына ащы суды құйып алған әйел бөтелкесін ұстап тұрып:
– қызым, мына ағаңның алдыртқан қуырдағын жеп, тойып ал. Енді мұндай мүмкіндік келе бермейді. Е,е, бірақ, папаңа ештеңе айтушы болма, бұл сенің ағаң ғой, – деді.
Оның жұрт алдындағы ерсі қылығына ыңғайсызданған әлгі жігіт;
– масайып қалдың, көп іше берме, өзге жұрттың мазасын алып жатырсың, – деп баса бергені сол,  адуынды әйел;
– мен мас болмаймын, мені бірінші рет ішіп тұр деп ойладың ба, саған дейін келгендердің бәрімен ішетінмін, – деп зекіп ащы даусымен залды басына көтерді. Осы көрініске куә болып, тамақ батпаған менің сол сәтте өзегімді өкініш өртеді. Қабырғам қайысты, әлгі әйелдің бетіне барып түкіргім келді. Арақ ішіп, жас жігітке асылғаны аздай, күйеуінің көзіне шөп салатынын естігенде, үлкен қаланы қойып, алақандай ауылда да  жеңіл жүріс жасап, жұбайын алдайтын әйелдердің көбейгеніне сол сәтте анық көзім жетті. Бұл бір ғана жағдай емес. Алла сүймейтін зинақорлықтың шет жобасын естіп, көріп, біліп жүрміз. Алайда, осы жағдайдың өршіп бара жатқаны өкінішті. Бәріне ерлерді кіналау дұрыс емес, әрине, бұл орайда әйелдердің де кінәсі басым. «сиыр көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деген сол емес пе? Зинақорлық пен ойнастыққа, өмірлік жарын алдауға сеп болатын, еркектің басын айналдырып өзіне қарататын да ең бірінші – әйел.
Тақырыпқа тұздық болсын. Бір отбасын білемін. Бес балалы тату-тәтті шаңырақ еді. Үйдің отағасы мен отанасы да бес жыл жүріп, бір-бірін сүйіп қосылған. Кейіннен, шаңырақ құрып, сәби болған соң, екеуінің арасына үш балалы жесір әйел түсіпті. Отағасының жұмысына қайта-қайта барып, кездесуге ұсыныс жасап, көңілдес болуды ұсынған әлгі әйел еркекті ақыры айтқанына көндіріп, күннен-күнге отбасынан алыстата берген. Көңілдесінің көңілін табуды қалаған еркек те бара-бара зайыбынан көңілі суып, балаларына да мән беруді қояды. Осылайша, шаңырақтың берекесі қашып, күнде ұрыс-жанжал орын алып, ақыры ажырасуға сеп болған. Белінен шыққан бес баласын далаға қалдырып, көшедегі өзге әйелдің етегінен ұстанған әлгі апталдай қызметкер азамат осылайша өзгенің баласын асырап, ақыр соңы барынан айрылып, үй-жайсыз көшеде қалды. Міне, зинақорлықтың, ойнастықтың соңы. Әйелдің жаман жолға түскен әрекетінің нәтижесі.
Зинақорлық – бүгін болмаса ертең білінетін ащы шындық. Күйеуім не әйелім көрмеді дегенмен, төбеде тұрған күнәні сүймейтін хаһ тағала бәріне куә. Сол үшін әрбір адам көңілдес боларда төбесіне бір қарап, аллаһтың екі дүниеде беретін толассыз азабын еске алған жөн. Өйткені, зинақорлық – бүкіл қоғамды былғайтын харам тірлік. Осындай арам әрекеттің, әсіресе бүтін отбасын бүлдіретін зинақор, жезөкше әйелдердің көбейіп бара жатқаны жүректі сыздатады. Қасиетті мекенді, қасиетті топырақты арам ниеттілердің былғауына жол бермейік.
Біздің қоғамда әйел атаулының үстемдігі биік еді. Әйел – ана, әйел – дана, әйел –пана. Ал, бүгінде бәзбіреулер осындай мадаққа күйе жағып, әйел атаулыны жаман жағынан көрсетуде. Сондықтан, дана қазақтың сыйлап, қадірлейтін әйелдер қауымы әрқашан тура жолда болғай. Өйткені, зинаның соңы – тозақтың толассыз оты.

Маржан Қайыржанқызы.
13 мамыр 2019 ж. 736 0