№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ВАМПИРЛЕР ТУРАЛЫ АҚИҚАТ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІГІЛІ

ВАМПИРЛЕР ТУРАЛЫ АҚИҚАТ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІГІЛІ



Еуропада христан діні дәуірлеп тұрған уақытта монархтар династиясын сақтауды сылтау етіп, жарын жақын туыстарынан таңдайды. Мұның соңы бірнеше ғасырдан кейін порфириямен ауыратын ұрпақ дүниеге келеді. Әрине бәрі бірдей бұл ауруға ұшырамаса да, екі жүз мың адамның біреуі порфирияға шалдыққан. Қазіргі тілмен айтқанда тістері үшкір, көзінің ағы қызыл түске боялған вампирлер.
Порфирия ауруымен ауырған адамның терісі сезімтал болғандықтан, күн сәулесін жақтырмайды. Сондықтан түнде жүргенді ұнатады. Бұл дертке ұшырағандардың қанындағы гемоглобин мөлшері аз болатын көрінеді. Медецина тілімен айтсақ, қаназдықтың себебінен олар ыстық қан ішуді үнемі құмартып, жемдігін іздейді екен.
Біз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шетелдік кинолардан вампирлер жайлы көріп, «вампир» сөзін қолдана бастадық. Ал, Еуропада вампирлер жайлы повест 1819 жылы шығыпты. Оның авторы Дж.Полидори. 1840 жылы Т.Преста «Вампир Уорни или кровавый пир» романын жазады. 1931 жылы К.Дреер «Вампир» атты ужас фильмін көрерменге ұсынады.
Жалпы, дерек көздеріне сүйенсек, Кәрі құрлық тұрғындарын вампирлер ХVІІІ ғасырда мазалай бастапты. Тіптен, еуропалық елдер вампирлерді жойғандарға сыйақы тағайындап, мемлекеттік қызметкерлерді бұл жұмысқа тартады. Ең бірінші вампирлерге байланысты шағым 1721 жылы Батыс Пруссияда тіркеліпті. Араға төрт жыл салып Гобсбурск монахтары вампирлер жайлы мәлімет айтады.
Ал, 2002 жылы 31 қаңтарда Бохум соды (Германия) ерлі-зайыпты вампирлер 26 жастағы Руда мен 23 жасар Даниэлді 15 және 13 жылға бас бостандығынан айырыпты. Оларды абақтыға қамауға 33 жастағы Франк Хаагенді өлтіргені негіз болған. Вампирлер Франкті балтамен ұрып құлатқаннан кейін, денесіне 66 түрлі жарақат салған. Одан кейін денесіне адам түсініксіз графикалар салып, жемтіктің қанын ішкен. Айыпталушылар бұл қадамға шайтанның бұйрығымен барғандығын айтыпты.
Жалпы Кәрі құрлықта вампирмен байланысты түрлі оқиғалар орын алған. Мұның бәрін тізбектеу үлкен монографияға арқау болары сөзсіз.
ҚАЗАҚТА ВАМПИР БАР МА?
Әрине жоқ. Себебі, вампирлер туралы қалам тарта отырып қазақтың даналығына, білгірлігіне көзіміз тағы да жете түсті. Неге десеңіз, алаш қан тазалығына аса мән беріп, жеті ата толмай қыз алыспаған. Осылайша ұлттың түрлі кеселдер мен аурулардан аман болуына жағдай жасады. 
Жалпы, «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген көнеден қалаған сөздің астарында үлкен пәлсапа жатыр. Атасының ғана емес әулетінің шежіресіне қанығып өскен баланың ата тегін қадір тұтатыны белгілі. Сонымен қоса, жаһанның медицина қызметкерлері мен генетик ғалымдары жеті атадан қыз алыспаудың ұрпақ денсаулығы мен қан тазалығының кепілі екенін жамыра жар салуда.
Жәнібек ханның кеңесшісі Жиренше шешен науқастанып, төсек тартып қалады. Танымал емші мен тәуіптерден қайыр болмай, соңында Өтебойдақ есімді емші Жиреншені аяғынан тұрғызыпты. Жиреншенің «қандай ауруды емдеу қиын», - деген сұрағына «тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиынның қиыны», деген екен. «Ал, оның алдын алуға бола ма», деген сауалына емші: «жеті атаға дейін қыз алыспау қажет» деп жауап қатса керек-ті. Емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, жанын салып халқына жеті атаға дейін үйленуге тыйым салып,«Кімді кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесіледі» деген үкім шығарыпты. Міне, сол заманнан бері тек тазалығын саптап келеміз-ау...
Алайда, ежелден келе жатқан еліктегіштігі мен аңқаулығы, Кеңестер Үкіметінен жұқтырған тойымсыздығы мен жағымпаздығының арқасында қазақта вампирден де жаман кеселдер пайда болды. Бір сөзбен айтқанда, жаһандану заманында қуатты мемлекетті орға жығатын індеттер.
Біріншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «жемқорлықты жою қажет», деген сайын «жегіштік» имунитеті күшейе түсетін жемқорлардан күресу керек.
Екіншіден, жағымпаздық қазақтың табиғи болмысына жат қасиет. Бірақ, бүгінгі қазақ мұны өмір сүрудің, билікте сатылап өсудің жолы ретінде қарастырған.
Үшіншіден, бүгінгі қазақ өзіне үңілмей, өзгенің тілімен, ойымен сөйлеуге, сөз саптауға құмартып тұрады. Олар баба аманатымен келе жатқан рухани қорда қандай байлық жатқанын ұғынбайды, түсінбейді немесе түсінгісі келмейді.
Міне, қазақтың қан ішкіш вампирлері осылар. Олар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясын шындыққа айналдыруға сөзбен ғана атсалыса алады.
ТҮЙІН. Вампирлер мен қазақтың бүгінгі вампирлері мүлдем қиылыспайтын болар. Бірақ, бұлардың басты мақсаты біреу, ол – құрту, жою, жеу, ішу. Ал, бізге «Мәңгілік Елге» айналу үшін Мемлекет басшысының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлттық сананы жаңғыртудан басқа жол жоқ...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
26 сәуір 2019 ж. 1 260 0