«ДХР астанасына «Чингачгук» және «Оцеола» рөлдерін сомдаған серб киноактері Гойко Митич келді»,- деп хабарлайды EADaily агенттігі.
Өткен ғасырдың 70-жылдары Гойко Митич сомдаған фильмдерінің басты кейіпкерлері кеңестік кеңістіктегі барша балалардың қолдан садақ жасап алып, таймен шауып жүріп атысып еліктейтін халық батырына айналды. Ол Донецкідегі бірқатар мәдени шараларға қатысып, өзі басты рөлдерінің бірінде ойнаған «Балқан шекарасы» фильмінің тұсаукесеріне қатысады.
Гойко Митич –югаславиялық және серб актері, режиссер, каскадер.
Ол ойнаған фильмдерінің бізге алыстығы жоқ. Зерттеуші Әділ Ахметов ежелгі үндістердің аталары маялар мен ацтектердің тіліндегі екі мыңнан астам сөздік қоры қазақтарға ұқсас екендігін айтып та, жазып та жүр. Әділ Ахметов ежелгі кезде Алясканың құрлық болып тұрған кезінде жылы жаққа ауып кеткен азиялықтар деген гипотезаны қолдайды. Ғалымдар шындап зерттей келе, азиялықтардың ішінде қазақтардың үндістерге гендік жақындығы 70 пайызға жақын деседі. Бұл тиянақты зерттеуді қажет етеді.
Алайда, бізді бәлкім елі мен жерінқорғап, аттан түспей, жан берісіп, жан алысып соғысқан «Чингачгук» пен «Оцеоланың» Исатай, Махамбеттерге, Хан Кенесарыға ұқсастығы қызықтырған болар.