» » "ЕҢ СҰЛУ" ФИЛЬМІ ПРОКАТҚА ШЫҚТЫ

"ЕҢ СҰЛУ" ФИЛЬМІ ПРОКАТҚА ШЫҚТЫ


Режиссер Қанағат Мұстафин түсірген «Ең сұлу» кинокомедиясы 10 мамырдан бастап прокатқа шықты. Аталған фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Kanaidarproduction» компаниясы түсірген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kazakhfilmstudios.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл кинотуынды «16 қыз» фильмінің жалғасы емес. Жаңа фильм. Романтикалық комедия жанрында түсірілген «16 кыз» фильмінде басты екі кейіпкер ғана болса, жаңа фильмде тоғыз негізгі кейіпкер бар. Жанры жағынан криминалды комедияға жақын. Бұл «16 қыз» фильмінің кейіпкерлері қатысатын отбасылық көрсетілімге арналған фильм», - деді режиссер Қанағат Мұстафин.
Фильмнің желісі бойынша, картинаның басты кейіпкері Самат отыздан асса да әлі күнге дейін отбасын құрмаған сүрбойдақ. Жан досын үйлендіруді көздеген Бауыржан Саматпен бірге қалыңдық іздеп қалаға барады. Осы жолда екі дос қызықты да шытырман оқиғаларды бастан өткізеді. Фильмдегі оқиға 80 млн. теңге тұратын Цин әулетінің XIV ғасырдағы құмыраның Ұлттық мұражайдан ұрлануымен қоса өрбиді.
«16 қыз» фильмінің басты кейіпкерлері – Аша Матай мен Берік Айтжановтан басқа жеті негізгі кейіпкерлер бар, олардың рөлін Ғани Құлжанов, Асан Мәжит, Фархат Әбдірайымов, Мұрат Бисембин және басқалар сомдайды.
Айта кетелік, фильмде комедиялық актер ретінде алғаш киноға түскен әртістер де бар. Олар: актер Қуаныш Долдаев, блогер тележүргізуші Әсел Асқар, теле-радио жүргізуші, шоумен Қазыбек Қасым және әнші Кентал (Талғат Кенжеболатов).
Түсірілім жұмыстары Алматы және қалаға жақын маңдарда жүрген. Тонау сахналары үшін фильмнің қоюшы-суретшісі Нұрболат Құлмұхамбетов Цин әулеті құмырасының тоғыз көшірмесін жасаған.
14 мамыр 2018 ж. 1 045 0