№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕШІТТЕГІ АТЫС: ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР ОРАМАЛ ТАҒА БАСТАДЫ

МЕШІТТЕГІ АТЫС: ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР ОРАМАЛ ТАҒА БАСТАДЫ

Жаңа Зеландияның мұсылман әйелдері терактіден кейін үйлерінен шығуға қорқатындарын мойындаған. Оларды қорғау үшін жергілікті тұрғындар да орамал тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымының орыс нұсқасына сілтеме жасап. 
Жаңа Зеландиядағы әйелдер 50 адам қаза болған мешіттегі атыстан кейін мұсылмандарды қолдау үшін орамал тақты. Мұсылман әйелдердің көбі үйден шығуға қорқатындарын мойындады. Елдің премьер-министрі Джасинда Ардерн мұсылман қауымы мүшелерімен кездесуге бірінші рет орамал тағып келді. 
"Неге мен бүгін орамал тақтым? Басты себеп – біреу қайтадан қаруын адамдарға тақайтын болса, мен басқалармен бірге сол адамның алдында тұрғым келеді және оның айырмашылық байқағанын қаламаймын. Өйткені айырмашылық мүлде жоқ", - деді Крайсчерч Белл Сайбли.
Басылым ақпараты бойынша, 22 наурыз жұма күні ел тұрғындары қаза тапқандарды бір минут үнсіздік жариялап, еске алды.
Еске салсақ, 2019 жылы 15 наурызда Жаңа Зеландияда Крайстчерчтегі (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, соның салдарынан 50 адам қаза тапты, тағы 50-і түрлі жарақаттар алды. Елдің Премьер-министрі бұл оқиғаның теракт екенін айтты. 28 жастағы Брентон Таррант адам өлтіргені үшін айыпталып жатыр, сенбіде сот оны 5 сәуірге дейін абақтыға қамады.
23 наурыз 2019 ж. 820 0