№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » КІНӘЛІЛАР ЖАЗАЛАНУЫ ТИІС

КІНӘЛІЛАР ЖАЗАЛАНУЫ ТИІС

Парламент сенатының төрайымы Дариға Назарбаева Атыраудағы тілінде мүкісі бар балаларлы тәрбиелейтін мектеп интернатындағы оқиғаға пікірі білдірді, деп Сенат баспасөз қызметіне сілтей отыра Stan.kz хабарлайды.

Сенат басшысы кінәлі интернат қызметкерлер қатаң жазалануы тиіс екенін айтты. 
«Қорғансыз мүгедек балаларға қысым көрсеткеніне өте ашулымыз. Интернаттағы балалардың өмірі түбегейлі өзгеруі тиіс деп санаймын. Осыны бақылауға аламыз. Бұндай оқиғалар әлеуметтік жұмыстың жүрмеуінің салдары», - деді Назарбаева.
«Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Бұл нағыз жабайылық. Алдымен мектеп башылығын тексереміз. Бәрін тексеріп қатаң жазалаймыз», - деді облыстық әкмнің бірінші орынбасары Серік Шапкенов. 
Ол жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар координация басқармасының орынбасарына сөгіс жариялады. 
«Комиссия құрамына қоғам белсенділері кіреді. Олар кез келген уақытта мектепинтернатты тексере алады. Онда интернеттен транляция жасап, ата-аналардың, құқық қорғау органдарының қадағалауына мүмкіндік беретін веб-камерала орнатылады», - дейді Шапкенов.
Айта кетейік, интернаттағы 98 бала интернатта тұрып жатыр. Прокуратура тексеруінен соң оларға күш көрсетілгені анықталды. Ұзақ жылдар бойы балаларды ұрып-соғып, жұмыс істеуге мәжбүрлеген белгілі болды. 
31 наурыз 2019 ж. 538 0