АҚ СЕРЕК ПЕН КӨК СЕРЕК ойыны
ОЙНАП КӨРДІҢІЗ БЕ?
АҚ СЕРЕК ПЕН КӨК СЕРЕК ойыны. Аймақтық ерекшеліктерге қарамастан қазақ даласының барлық жерінде ойналатын ұлттық ойын түрі.
Ойын өлеңі:
Ақ серек пен көк серек!
Тауып алдым бәйтерек!
Жалындаған күн керек!
Жалпы достан кім керек?
Анау тұрған ұл (қыз) керек!
Оның аты – Еркебек,
Келсін бізге ертерек! – деп, өлеңдетіп қарсы жақтың бір ойыншысының атын атап шақырады.
Ал сіздердің аймақта мұның өлеңі қалай айталтын еді?