№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЛЫП ҚАШУ ОПЕРАЦИЯСЫ...

АЛЫП ҚАШУ ОПЕРАЦИЯСЫ...

Жастайымнан өнерге құмартып, облыстық, республикалық өнер байқауларына қатысатынмын. Оған қоса әртістік қабілетімді театрда көрсететінмін. Сондай байқаулардың бірінде Қазалы ауданының атынан Сырғаш қатысты...


Үйленетін жасқа келгендіктен әке-ше­шем қолқалай бастады. Содан өзіме жар ретінде байқауларда танысқан Сырғашты таңдап, үйленудің жоспарын құрдым. Оны байқауда көргенім болмаса қай жердікі екенін білмейтінмін. Сұрастырып жүріп Қазалы ауданының «Октябрь» кеңшарында (қазіргі Үрмаш Түктібаев атындағы ауылы) тұратынын білдім.
Желтоқсан айының іші болатын. Борандатып Қазалыны бағытқа алдым. Поезбен Қазалының темір жол вокзалынан түстім. Бұрын-соңды Қазалыға барған емеспін. Сұрастырып жү­ріп автобекетті тауып алдым. Октябрьге автобус қатынамайтын болып шықты. Себебі, Сырдарияда мұз қатыпты. Енді «Не істеймін деп тұрғанымда?» бір кісі: «аптасына бір рет 12 адамдық самолет ұшады» деді.
Дереу айтқан жерге жеттім. Самолет ұшайын деп тұр екен. Сөйтіп «Октябрь» совхозына да келдім. Елді мекенге жетіп, қыздың үйін сұрастырып жүріп тауып алдым. Үйге кірсем бір кемпір отыр екен.
– Сырғаштың үй ме?
– Иә, шырағым!
– Өзі қайда?
– Жарты сағатта келіп қалады, – деді анасы.
Үйге кіріп қызды күтіп отырдым. Бір кезде Сырғаш келді. Қазан көтеріліп, ет асылды. Көрші-қолаң келіп, дастархан жайылды. Мен құрметті қонақ ретінде төрге оздым.
– Неғып жүрген баласың? – деп жөн-жосығын сұрады бір ақсақал.
Тығырықтан шығудың жолын іздеп, өтірік айтуға тура келді.
– Гоголь атындағы педагогикалық инсти­тутының мұғалімі едім, – дедім.
– Келген мақсатым – осы үйде бір қыз бар екен. Жақсы оқиды деп естідік. Соның құжаттарын алып кетуге келдім, – дедім.
Жиылғандар: – Бізде де ұл-қызымыз бар. Олардың да оқуға түсуіне көмектесе аласыз ба? – деп жан-жақтан сұрай бастады. Амал жоқ. Уәде бердім...
Қазалыдан автобус келем дегенше үш күн сол ауылда болдым. Күнде бір үйге шақырып, қонақ етеді...
Содан автобус келді. Көлік жүргізушіні оңаша шақырып, қызды алып-қашуға келіс­тірдім. Содан Сырғашты ертіп Қазалыға жеттім, сосын поезбен ауылға келдім.
Ол жақта сәлем беру деген дәстүр бар. Сол бойынша «Октябрьге» барғанымда балалардың құжаттарын қайтарып, мән-жайды түсіндіріп, кешірім сұрадым.
– Олар қызды алып кетуге келгеніңді білгенде, қуып шығып, сазайынды берер едік. Қайта амал тауып кетіпсін, – деп батасын берді.
Міне, үйленерімде осындай тәуекелге барып, бұрын-соңды бармаған Қазалыдан өмірлік серігімді алып келдім. Қазір шаттықты шаңыраққа, берекелі отбасыға айналып, тәлімді ұрпақ тәрбиелеп отырмыз. Құдайға шүкір!..

Ізәтілла НӘРЗІЛДАЕВ,
ауданның «Құрметті азаматы».


26 ақпан 2019 ж. 1 561 0