БАЛАБАҚША БИЗНЕС КӨЗІ ДЕГЕН ОСЫ БОЛАР
Ақтаудағы жеке меншік балабақшалардың бірінде жантүршігерлік жағдай орын алды, деп жазады holanews.kz сайты. Мәлім болғандай күнделікті балақайларға берілетін түскі асты видеоға түсіріп, WhatsApp желісі арқылы таратқан келіншекті мекеме басшысы соққыға жығып, басын жарған.
Емханада жатқан жәбірленушіні видеоға түсіріп тұрған адам бойжеткеннің басынан балабақша басшысы ыдыспен ұрғанын, қатты соққыдан оның шаштарының түсіп қалғанын айтады. Аталған істің мән-жайын білу үшін HOLA News Маңғыстау облысының әкімдігі мен ІІД-не хабарласты. Ақтау қаласы әкімдігінің Білім бөлімі бұл мәселеге байланысты жауапты адамдардың бәрі оқиға орнына кеткенін айтып, әзірше, тілшілер сұрағына жауап беретін адам жоқ деді.
Ал облыстық Ішкі Істер Департаментінің кезекші бөлімі: «Аталған істен хабардармыз. Жергілікті инспектор жәбірленуші тараптан түскен арыз бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеді.
Шыны керек, қазір балабақшалар бизнес көзіне айналып бара жатқан тәрізді. Алда не болары белгісіз, уақыттың еншісіне қалдырайық...