ЕКПІНДІ ЖАСТАРЫ ЕРЛЕДІ
«2019 жыл-жастар жылы» аталуына орай ақпан айының екінші жұлдызы күні таңертеңгі сағат тоғызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында ауыл жастарының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жасампаз жастары» деп аталатын қайрымдылық марафоны өтті. Марафонға бағасы 500 теңгелік билет алып қатынасқан жүзден аса ауыл жастарының қайырымдылық қаражаты ауыл мешітін күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болды.
Шараны ауыл әкімі Қ.Қожамжаров ашып, Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Құдайбергенов марафонға қатысушылыраға сәттілік тілеп батасын берді.
Марафон сөресі Сәдібек бауымен марафон мәресі 166 мектеп алды болды. Нәтижесінде мәреге 10 мин, 22 секундта 085 номерлі Еңбек ауылының тұрғыны Н.Тоқназаров жетті. Екінші 10 мин. 27 сек 019 номерлі Ж.Нұртөре, үшінші 10 мин. 35 сек. 014 номерлі Р.Айтбаев келді.
Қыздар арасында алғашқылардың бірі болып Ж.Шайхынбекова және ең кішкентай қатысушы Қ.Бақытжан болды. Ең үлкен қатысушыға ауыл имамы атынан хадия ретінде құран кәрім кітабын А.Абдрахмановқа табыс етті. Жеңімпаздарға және барша қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Шараға Екпінді ауылдық оургінің барша мекеме қызметкерлеріне және ауыл тұрғындарына сонымен қатар Еңбек ауылынан үлес қосқан жастарға алғыс білдіреміз.

Әйгерім ӘМІРХАН.
Пікір 2