ДЫБЫСТАН ЖЫЛДАМ ҰШАҚ
Boeing дыбыстан да жылдам ұшақ құрастырмақ. Ол Тынық мұхитын 3 сағатта ұшып шығуға қауқарлы болады, – деп жазды regnum.ru сайты.
Компания сағатына 6 мың километрге ұшуға қуатты, Нью-Йорк пен Лондон арасын небәрі екі сағатта ұшып өтуге қауқарлы гипердыбыстық жолаушылар ұшағын құрастыруды жоспарлап отыр. Дизайнерлердің хабарлауынша, концептуалды ұшақ дыбыстан 5 есе жылдамырақ ұша алатын болады. Америкалық әуе компаниясы жобасын ұсынған концептуалды реактивті ұшақ дыбыстың жылдамдығынан 5 есе жылдам. Яғни, шамамен секундына 1700 метр ұшады деп күтілуде. Бұл жылдамдық Атлантиканы 120 минуттың ішінде, Тынық мұхитын 3 сағаттың ішінде ұшып өтуге мүмкіндік бермек. Бүгінде Лондон мен Нью-Йорк арасында ұшу 6 сағат 45 минутқа созылса, бұл ұшақ дәл осы қашықтықты 2 сағатта ұшып өте алатын болады.
Ғалымның айтуынша, мұндай ұшақты құрастыруға ұзақ уақыт керек. Boeing өкілдері ұшақ 2030 жылға қарай толығымен дайын болады деп отыр.
Пікір 75